Қолданыстағы ред. 03.03.2004 (Редакция 19298_315803.kaz)

Облыста туберкулезге қарсы күрес шараларын күшейту туралы от 03.03.2004 г. № 809 (Облыста туберкулезге қарсы күрес шараларын күшейту туралы)

0

Облыста туберкулезге қарсы күрес шараларын күшейту туралы
"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 мамырдағы N 3956 Жарлығына және "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысына сәйкес облыста біршама жұмыстар жүргізілуде. Соңғы бес жылда туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру көлемі 61,9%-ға ұлғайды, туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нығайтылды, туберкулезге қарсы күрес жөнінде аймақтық бағдарлама қабылданды және 2006 жылғы кезеңге дейінгі облыста туберкулезге қарсы күресті күшейту жөнінде бағдарлама әзірленді.
Сонымен бірге эпидемияға қарсы күрес және профилактикалық жұмыс өте нашар жүргізілуде. Туберкулиндік сынамасымен балалардың қамтылуының төмендеуі мен дұрыс жоспарланбауы, осы сынама бойынша туберкулездің анықталуының төмендеуі, сонымен қатар жасөспірімдерді флюоротексерулерден өткізуде бақылаудың жоқтығы орын алуда. Туберкулез инфекциясының ошақтарынан оқшаулау өте нашар жүргізілуде. Туберкулез инфекциясының ошақтарында тұрып жатқан 5,9 мыңнан астам балалардың, қазіргі таңда 50%-ғана оқшауланған, ал Қызылорда қаласында мұндай ошақтарда тұрмайтын 50 бала туберкулезге қарсы санаториялық балабақшаларға жіберілген.
Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында туберкулезге қарсы күрес жөніндегі қабылданған шаралар өте жеткіліксіз. Облыс бойынша туберкулезден өлім-жітімін талдау, тұрғындар арасында аурудың асқынған түрінде кеш анықталатындығы мен профилактикалық, санитарлық-ағарту жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетті. Сонымен қатар облыста туберкулезге қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруда тұрғындар арасында кен түрде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылмаған.
Туберкулезге қарсы күресті күшейту жөнінде нақты шаралар қолдану мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыста туберкулезге қарсы күрес қызметінің және жалпы емдеу жүйесінің туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеуді жақсарту жөніндегі жұмысының жеткіліксіздігі атап көрсетілсін.

2

2. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы туберкулез инфекциясының ошақтарындағы жұмыстарды, туберкулиндік сынамамен қамтуды жоспарлау, бейімді топтар және балалар мен ересектер арасындағы міндетті контингенті туберкулезге анықтауда профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстарының сапалылығын арттыруға айрықша назар аударсын.

3

3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына:

1

1) облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Т.Пазылхайыровтың атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін қарасын;

2

2) облыста туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу жөніндегі тиісті жұмыстарды қамтамасыз етсін;

3

3) облыс тұрғындары арасындағы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштерін терен зерттеп, нақты ахуалдан ауытқу болған жағдайда тиісті шаралар көрсін;

4

4) облыста туберкулезге қарсы күрес қызметінің құрылымын жетілдіру жөніндегі мәселені пысықтап, ұсыныс енгізсін.

4

4. Облыстық білім басқармасы балабақшаларында, мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайды, санаториялық балабақшаларында туберкулез ошақтарынан шыққан балаларға арналған орындарды тиімді және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін және тәуліктік жұмыс тәртібіне көшіру мәселесін қарастырсын.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.