Қолданыстағы ред. 03.03.2004 (Редакция 19299_315806.kaz)

Облыста сарыптың алдын алу шараларын жақсарту туралы от 03.03.2004 г. № 810 (Облыста сарыптың алдын алу шараларын жақсарту туралы)

0

Облыста сарыптың алдын алу шараларын жақсарту туралы
Сарып ауруының адамдар арасында таралуынан облыста күрделі жағдай қалыптасып отыр. Ауруға шалдыққан адамдар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге артып, 100 мың адамға есептелген көрсеткіш бойынша республикалық деңгейден 5 есеге артып кеткен. Бұл көрсеткіш әсіресе Жаңақорған, Сырдария, Шиелі, Жалағаш аудандарында өте жоғары. Сарыпқа шалдыққан аурулар соңғы жылда Арал ауданында күрт көбейіп 2002 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп отыр.
Сарып ауруының таралуы негізінен ауру малдың дер кезінде оқшауланып жойылмауынан, ауру ошақтарын залалсыздандыру шараларының ґз дәрежесінде жүргізілуімен, мал және мал өнімдерінің базарларда көп жағдайда ветеринарлық-санитарлық қадағалаусыз, арнаулы белгіленбеген орындарда сатылуынан болып отыр.
Сарып ауруының алдын алу шараларын жақсарту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Сарыптың алдын алу шараларын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық басқармасының қанағаттанғысыз жұмысы атап көрсетілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасына ұсынылсын:

1

1) облыс көлемінде ауыл шаруашылығы малдары сарыбының ошақтарын жыл аяғына дейін жоюға бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру;

2

2) аудандар және Қызылорда қаласы әкімдерімен бірлесіп үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру, паспорттау жұмысын аяқтау;

3

3) қолданыстағы заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде ветеринарлық қадағалау шараларының толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

3

3. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мүдделі органдармен бірлесіп сарыпқа қарсы миниторингтік бақылау жүйесін жетілдірсін, ауру ошақтарында атқарылуға жататын іс-шаралардың толық көлемде жүзеге асырылуына қатаң бақылау жасасын.

4

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сарыпқа шалдыққан науқастарды ерте анықтауды қамтамасыз етсін, қажетті толық зертханалық зерттеулер жүргізсін. Емдеу сапасын арттырсын, облыстық орталықтардан кеңес алып жұмыс жасасын, тұрғындар арасында сарыпқа қарсы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізсін.

5

5. Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдеріне:

1

1) сарып ошақтарын жоюға бағытталған шаралардың орындалуына өздерінің құзырет шеңберінде ықпал ету;

2

2) ветеринарлық мемлекеттік кәсіпорындардың материалдық-техникалық базаларын нығайту шараларын жасау;

3

3) аудандық, қалалық бюджеттер есебінен мал қорымдарын салуды қаржыландыру мүмкіндігін қарау;

4

4) базарларда мал және мал өнімдерін арнаулы орындарда және белгіленген тәртіпке сәйкес сатылуын жолға қою;

5

5) ветеринарлық және санитарлық қызметтермен бірлесіп сарыппен ауырған малды санитарлық сою, ауырған мал өнімдерін өңдеу үшін орталықтандырылған орындар белгілеу шараларын жасау тапсырылсын.

6

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасына, облыстық денсаулық сақтау, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларына сарыптың алдын алу шараларын жүзеге асыруда өзара тығыз байланысты қамтамасыз етсін. Осы қаулының орындалуы туралы 2005 жылдың 10 қаңтарына облыс әкімі аппаратында жазбаша хабарласын.

7

7. Облыстық ішкі істер басқармасы облыс бойынша аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімімен бірлесіп иелері ветеринарлық шараларды жүргізуден жалтарған ауру малдан сарыптың адамдарға жұғу фактілерін жою тетіктерін қарасын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары Н.Ерімбетов пен Б.Мұхамедовке жүктелсін.