О признании утратившими силу некоторых решений Уйгурского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Уйгурского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 8-17-88
- Қабылданған күні
- 05.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2024 I193086_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24DS608405
- ЭКБ идентификаторы
- 193086
- Редакция идентификаторы
- I193086_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:19
0 Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ұйғыр ауданының мәслихатының
2024 жылғы 5 ақпандағы
№ 8-17-88 шешіміне қосымша
Ұйғыр аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. «Ұйғыр ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 ақпандағы № 29-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2646 болып тіркелген);
2
2. «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» 2014 жылғы 24 қарашадағы № 41-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2961 болып тіркелген);
3 3. «Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы № 45-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148 болып тіркелген);
4
4. «Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 45-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелген);
5 5. ««Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3244 болып тіркелген);
6
6. «Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 45-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 28 ақпандағы № 6-11-67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 болып тіркелген);
7 7. «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-22-139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 болып тіркелген);
8 8. «Ұйғыр ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 19 қазандағы № 6-39-232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4921 болып тіркелген);
9
9. «Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 45-4 «Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 22 қазандағы № 7-14-67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25155 болып тіркелген).