О признании утратившими силу некоторых решений Райымбекского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Райымбекского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Райымбек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 18-104
- Қабылданған күні
- 06.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2024 I193090_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24DO608605
- ЭКБ идентификаторы
- 193090
- Редакция идентификаторы
- I193090_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:18
0 Райымбек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Райымбек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Райымбек аудандық мәслихатының
2024 жылғы 6 ақпандағы
№ 18-104 шешіміне қосымша
Райымбек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 43-227 «Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3143 болып тіркелген);
2
2. Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 45-244 «Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 45-244 «Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3225 болып тіркелген);
3
3. Райымбек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 14-81 «Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 43-227 «Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4182 болып тіркелген);
4
4. Райымбек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 17-96 «Райымбек ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқында туралы» шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4233 болып тіркелген).