О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Талгарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Талгарского района
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02-35
- Қабылданған күні
- 05.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2024 193092_682918.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24DR608705
- ЭКБ идентификаторы
- 193092
- Редакция идентификаторы
- 193092_682918
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:20
0 Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Алматы облысы
Талғар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 5 ақпандағы
№ 02-35 қаулысына қосымша
Күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1)«Мүгедектерді жұмысқа орналастару үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-682 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 тіркелген);
2)«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-681 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 тіркелген);
3)«Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қарашадағы № 11-680 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 тіркелген);
4)«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қыркүйектегі № 11-672 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген).