Об установлении публичного сервитута на земельных участков ГУ Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата района Сауран
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельных участков ГУ Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата района Сауран
- Атауы (қаз.)
- «Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 29.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2024 193104_683112.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24UR00024A
- ЭКБ идентификаторы
- 193104
- Редакция идентификаторы
- 193104_683112
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:23
0 «Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
жер учаскелеріне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71-баптарына, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31,37-баптарына, Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 08.01.2024 жылғы №48, 08.01.2024 жылғы №49 бұйрықтарына сәйкес Сауран ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Сауран ауданы қарасты Иассы ауылдық округі Еңбекші Дихан елдімекені, Оранғай ауылдық округі Қосқорған елдімекені, Оранғай ауылдық округі Бостандық елдімекені жер учаскелерінің аумағынан «Магистральды газ құбыры үшін» жалпы алаңы 10,9468 га (1094680 ш.м.) ұзындығы (110,714 км) жер учаскелерін тұрақты пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.