О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 07.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2024 193143_683392.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033980
- ЭКБ идентификаторы
- 193143
- Редакция идентификаторы
- 193143_683392
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:18
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігi
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігi
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігi
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігi
0 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының
басшысы 2024 жылғы
7 ақпандағы № 1
Бұйрыққа қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21178 болып тіркелген).
2
2. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24144 болып тіркелген).
3
3. «Білім және ғылым статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25849 болып тіркелген).