Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 42 · қабылданған 07.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193162/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 42 ·07.02.2024
07.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 42 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42
Қабылданған күні
07.02.2024
Көрсетілген редакция
07.02.2024 193162_683272.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24UC00042A
ЭКБ идентификаторы
193162
Редакция идентификаторы
193162_683272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:18

0 Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18, 69 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Rich Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы, Ащысай ауылы аумағынан пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 71,32 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 2025 жылдың 04 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Rich Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы