Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О стипендиальном и материальном обеспечении учащейся молодежи в Республике Казахстан

Қаулы · № 920 · қабылданған 03.06.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1932/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О стипендиальном и материальном обеспечении учащейся молодежи в Республике Казахстан Күшін жойған 10.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О стипендиальном и материальном обеспечении учащейся молодежи в Республике Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 920 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О стипендиальном и материальном обеспечении учащейся молодежи в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
920
Қабылданған күні
03.06.1997
Көрсетілген редакция
10.12.1999 AI1932_1.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P970000920_
ЭКБ идентификаторы
1932
Редакция идентификаторы
AI1932_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:05
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы

Оқушы жастарды әлеуметтiк қорғау, олардың оқу және шығармашылық белсендiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы оқушы

жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы Ереже
бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"Оқушы жастарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 қаңтардағы N 9 қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 1, 15-құжат);
"Кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларын материалдық
қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 30 мамырдағы N 573 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, N 23, 248-құжат).

3 Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 4 маусымдағы
N 920 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарды
стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы
ЕРЕЖЕ

1. Осы Ереже жоғары және орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде) (бұдан әрi - жоғары оқу орындары және орта арнаулы оқу орындары), сондай-ақ кәсiптiк-техникалық мектептерде оқитын адамдарға стипендия төлеумен басқа да әлеуметтiк қолдау нысандарын көрсетудiң тәртiбiн айқындайды.

2. Оқушы жастарды стипендиялық қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтiк қолдау нысандары оқу орнының бағыныстылығына қарай республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатының есебiнен, сондай-ақ стипендиялық қорды үнемдеу есебiнен құрылатын Жоғары оқу орындарының әлеуметтiк көмек қорынан және басқа да (бюджеттен тыс) көздерден алынған қаражаттан жүзеге асырылады.

3. Стипендия - жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын адамдарға емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша тағайындалатын ақшалай төлем.

Мемлекет тапсырысының шеңберiнде оқитын адамдарға стипендияның мөлшерi жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Заңда белгiленедi.

4. Мемлекеттiк оқу орындары жоғары оқу орындарының докторанттарына, аспиранттарына, студенттерi мен магистранттарына, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларына стипендия тағайындаудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi бекiтетiн Нұсқаулықпен айқындалады.
Мемлекет тапсырысының негiзiнде оқитын докторанттарға стипендия алатын лауазымдық жалақысының мөлшерiнде тағайындалады, бiрақ бұл жоғары оқу орны доцентiнiң жалақысынан аспауы тиiс.
Өндiрiстен қол үзiп мемлекет тапсырысының негiзiнде оқитын аспиранттарға ай сайынғы стипендияның мөлшерi ғылыми дәрежесi жоқ кiшi ғылыми қызметкердiң лауазымды жалақысының деңгейiнде тағайындалады.
Оқушы жастардың жекелеген санаттары үшiн стипендияның мөлшерi 1-қосымшаға сәйкес өсiрiледi.
Заңды және жеке тұлғалармен тiкелей шарттар бойынша оқитын адамдарды стипендиялық қамтамасыз етудiң тәртiбi шартпен айқындалады.

5. Өз қарамағында оқу орындары бар министрлiктерге, сондай-ақ оқу орындарына республикадан тыс жерлерге оқуға жiберiлген жоғары оқу орындарының аспиранттарына, студенттерiне, магистранттарына және орта оқу орындарының оқушыларына қолда бар бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражат шегiнде жылына бiр рет айлық стипендия мөлшерiнде материалдық көмек көрсету құқығы берiледi.

6. Күндiзгi бөлiмдерiнде оқитын жоғары оқу орындарының студенттерi мен магистранттарына, орта арнаулы оқу орындарының, сондай-ақ кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушыларына оқу орнының орналасқан жерiнен жолға шығуына байланысты, практиканың барлық түрiнен өту кезеңiнде және керi қайту жолын қоса алғанда, ұйымдар қызметкерлердiң iссапарларына байланысты әр күнге қосымша шығыстарды өтеу үшiн қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәулiктiк норманың 40 процентi мөлшерiнде тәулiкақы төленедi.
Оқу және өндiрiстiк практикаға жiберiлген адамдардың аталған санаттарына қалааралық темiржол, су және автомобиль көлiгiмен практикаға бару және керi қайту жолақысы толық төленедi.

7. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқитын жоғары оқу орындарының шет қалалардың студенттерiне, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларына каникул уақытында (жылына екi рет) бару-қайту тиiстi бюджеттердiң қаражатының есебiнен қалааралық темiржол, су және автомобиль көлiгi қатынасындағы жолақысының 50 процентi мөлшерiнде жеңiлдiк жасалады.

8. Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының докторанттары, аспиранттары, студенттерi мен магистранттары, орта арнаулы оқу орындарының оқушылары, даярлау бөлiмдерiнiң тыңдаушылары үшiн жатақханада тұрудың шектi құны айлық стипендия мөлшерiнiң 10 процентiнен артық белгiленбейдi.

9. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқитын жоғары оқу орындарының барлық студенттерiне оқу, ғылыми және әдiстемелiк әдебиеттер сатып алу үшiн оларға белгiленген бiр айлық стипендия мөлшерiнде қосымша жыл сайын мақсатты арналған жәрдемақы төленедi.

10. Оқу кезеңiнде екi бiрдей немесе жалғыз ата-анасынан айрылған күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттерi мен магистранттары, орта арнаулы оқу орындарының оқушылары толық мемлекеттiк қамтамасыз етуге алынады.

Толық мемлекеттiк қамтамасыз етудегi оқушы жастардың осы санаты және жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарындағы адамдар үшiн белгiленген стипендияның мөлшерiнiң 50 процентi мөлшерiнде қосымша стипендия төленедi.
Жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар қатарындағы кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушылары толық мемлекеттiк қамтамасыз етуге алынады. Оларға орта оқу орнының оқушыларына белгiленген стипендияның 50 процентi мөлшерiнде стипендия төленедi.

11. Кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушылары 2-қосымшаға сәйкес натуральды нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етiледi.

Кәсiптiк-техникалық мектептердiң директорлары оқушыларды тамақпен қамтамасыз етудiң мүмкiндiгi жоқ ерекше жағдайларда, отбасында тұратын оқушыларға, оқушылар мен олардың ата-аналарының өтiнiшi бойынша тамақтың орнына сауда үстемесiн қоспай тамақ рационының белгiленген құнының ақшалай өтемiн төлеуге құқылы. (Төлем оқушының сабақтарға себепсiз қатыспаған күндерiне төленбейдi).
Бұдан басқа дәл осы тәртiппен өндiрiстiк практикадағы, демалыс және мереке күндерiндегi кезең үшiн тамақтың орнына ақшалай өтем төленiле алады. Каникул уақытында оқу кезеңiндегi тамақ құнының 60 процентi мөлшерiнде, ақшалай өтем төленедi.
Айға есептегендегi ақшалай өтемнiң мөлшерi мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге айлық стипендиясы мөлшерiнiң 80 процентiнен аспауы тиiс.

12. Кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушылары оқу шеберханаларында өндiрiстiк оқу кезеңiнде даярланатын мамандықтарына қарай арнайы киiммен, ал ұйымдардағы өндiрiстiк практикада, осы ұйымдардың есебiнен арнайы киiммен қамтамасыз етiледi.

Кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушыларына олардың өндiрiстiк оқу және өндiрiстiк практика кезеңiнде еңбекпен тапқан сомалары 100 процент төленедi.

Оқушы жастардың жекелеген санаттары үшiн белгiленген стипендиясына үстеме

13. Кәсiптiк-техникалық мектептердің оқушылары оқу орнында оқу кезеңiнде кiтапхана қорынан оқулықтармен және оқу құралдарымен, ал ата-аналарынан бөлек тұратын оқушылар, бұдан басқа N 3 қосымшаға орай белгiленген нормативтерге сәйкес жеке басының гигиена заттарымен қамтамасыз етiледi.
1-қосымша
Оқушы жастардың жекелеген санаттары үшiн

белгiленген стипендиясына үстеме
____________________________________________________________________
  N  |        Стипендиаттардың тiзбесi          |  Стипендияларды
     |                                          |өсiру, проценттерде
_____|__________________________________________|___________________
  1                         2                            3
_____|__________________________________________|___________________
     |                                          |
  1  | Жауынгерлiк iс-қимылдарға немесе өзге де |
     | қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде    |
     | жараланудың, контузияға ұшыраудың,       |
     | зақымданудың немесе науқастанудың салда. |
     | рынан, Чернобыль АЭС-да болған апаттың   |
     | және азаматты немесе әскери мақсаттағы   |
     | басқа да объектiлерде болған басқа да    |
     | радиациялық апаттар мен авариялардың,    |
     | ядролық қаруды сынаудың салдарынан       |
     | мүгедек болған немесе олардың мүгедектiгi|
     | ата-аналарының бiреуiнiң радиация сәуле  |
     | алуымен генетикалық байланысты болған    |
     | жағдайда жоғары оқу орындарының студент. |
     | терiне, магистранттарына және орта       |
     | арнаулы оқу орындарының (колледждердiң)  |
     | оқушыларына                              |      50
     |                                          |
   2 | Жоғары оқу орындарының соқыр немесе      |
     | мылқау студенттерiне, магистранттарына   |
     | және орта арнаулы оқу орындарының        |
     | (колледждердiң) оқушыларына              |      75
     |                                          |
   3 | Жетiм балалар және ата-аналарының        |
     | қамқорлығынсыз қалған, балалардың        |
     | арасындағы, бiрақ азаматтардың қамқор.   |
     | лығындағы жоғары оқу орындарының         |
     | студенттерi, магистранттары мен орта     |
     | арнаулы оқу орындарының (колледждердiң)  |
     | оқушыларына                              |      30
     |                                          |
   4 | Жоғары оқу орындарының отбасылы студент. |
     | терi мен магистранттарына және орта      |
     | арнаулы оқу орындарының оқушыларына      |      25
     |                                          |
   5 | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiм. |
     | дерiмен белгiленген белгiлi ғылым,       |
     | техника және мәдениет қайраткерлерi      |
     | атындағы стипендияны алушы жоғары оқу    |
     | орындарының студенттерi мен магистрант.  |
     | тарына, арнаулы оқу орындарының          |
     | оқушыларына                              |      45
     |                                          |
   6 | Жоғары оқу орны Ғылым Кеңесiнiң жеке     |
     | пәндi зерделеудегi ерекше табыстары      |
     | мен ғылыми-техникалық шығармашылығы      |
     | үшiн дербес стипендия белгiленген жоғары |
     | оқу орындарының студенттерi мен          |
     | магистранттарына (жоғары оқу орнында     |
     | 7-ден аспайтын стипендия)                |      30
     |                                          |
   7 | Емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша   |
     | (жоғары оқу орындарының атаулы және      |
     | Қазақстан Республикасының Президентiнiң  |
     | стипендияларын алатын студенттерден      |
     | басқа) тек "өте жақсы", "жақсы" және     |      30
     | "өте жақсы" деген бағаға ие болған       |      15
     | жоғары оқу орындарының студенттерi мен   |
     | магистранттарына және орта арнаулы оқу   |
     | орындарының оқушыларына                  |
2-қосымша
Кәсiптiк-техникалық мектептiң бiр оқушысына

арналған тамақтанудың натуральды нормасы
(азық-түлiктiң тәулiктiк жиынтығы)
____________________________________________________________________
                                          |Азық-түлiктiң грамдағы бiр
              Азық-түлiк атауы            | күнге арналған мөлшерi
__________________________________________|_________________________

     Бидай наны                                      280
     Қара бидай                                      170
     Макарон өнiмдерi                                 20
     Жармалар                                         60
     Бұршақ өнiмдерi                                   8
     Бидай ұны                                        50
     Кепкен бидай наны                                10
     Крахмал                                           3
     Қант                                   75+5 кондитер тағамдары
     Ет                                              160
     Шұжық тағамдары                                  10
     Қосалқы өнiмдер (өкпе, бауыр, жүрек)             30
     Балық                                            70
         оның iшiнде майшабақ                          5
     Жұмыртқа                                      28 (0,7 тал)
     Сүт және сүт өнiмдерi                           300
     Жартылай майлы сүзбе                             60
     30 процент майлылықты қаймақ                     15
     Iрiмшiк                                          15
     Сары май                                         25
         оның iшiнде порциялығы                       20
     Маргарин                                         30
     Өсiмдiк майы                                     15
     Картоп                                          300
     Көкөнiстер                                      350
     Томат-пюре                                       10
     Жемiс-жидектер немесе шырын                      85
     Кептiрiлген жемiс-жидектер                       15
     Кофе сусыны                                       2
     Шай                                               2
     Какао                                             1
     Дәмдегiштер                                       2
     Тұз                                              10
     Ашытқы                                            1
3-қосымша
Кәсiптiк-техникалық мектептiң жатақханада

тұратын бiр оқушысына арналған жеке басының гигиена
заттарының мөлшерi
____________________________________________________________________
                                     |       |      |Берiлу мөлшерi
   Жеке басының гигиена заттарының   | Өлшем |Мерзiм|_______________
                   атауы             |бiрлiгi| (ай) |ер ба. |қыз ба.
                                     |       |      |лалар  |лалар
_____________________________________|_______|______|_______|_______

     Жеке пайдалануға арналған сабын   грамм     1     150     200
     Моншада жуынуға арналған сабын    грамм     1     100     100
     Тiс щеткасы                       дана      3      1       1
     Тiс пастасы                       дана      1      2       2
     Тiс ұнтағы                        грамм     -     100     100
     Гигиенаға қажеттi мақта           грамм     1      -      250
     Тарақ                             дана      6      1       1
     Тұрмыстық бөлмедегi киiм щеткасы  дана      6   25 оқушыға 1 дана
                                                         есебiнен
     Жуыну жөкесi                      дана      3      1       1
     Кiр жуатын ұнтақ                  грамм     1     250     250
     Оқу-өндiрiстiк шеберханаларына
     арналған сабын                    грамм     1     100     100