Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов

Қаулы · № 08/01 · қабылданған 08.02.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193216/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов Күшін жойған 12.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов

Күшін жойған Қаулы № 08/01 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов
Атауы (қаз.)
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08/01
Қабылданған күні
08.02.2024
Көрсетілген редакция
12.05.2026 193216_822441.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24KG655709
ЭКБ идентификаторы
193216
Редакция идентификаторы
193216_822441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Саран қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2. Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» № 42/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-125 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Саран қалалық
сайлау комиссиясы

0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Саран қаласының әкімдігінің
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 08/01
қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған
орындар

Елді мекеннің атауы
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1.
Саран қаласы
Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаңдағы стенд
2.
Саран қаласы
Дубовка ауданы, Асфальтная көшесі, №18/1 үйдегі дүкеннің жанындағы стенд
3.
Саран қаласы
Жамбыл және Шахтерская көшелерінің қиылысында, Шахтерская көшесі, №55 үйдегі дүкеннің жанындағы стенд
4.
Саран қаласы
1 «А» ықшам ауданы, «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Сәуле» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасындағы учаскедегі стенд
5.
Саран қаласы
«Саран техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Кольцевая көшесі, №12 үйдің жанындағы стенд
6.
Саран қаласы
№ 3 ықшам аудан, 12 «А» үйдегі дүкен жанындағы стенд
7.
Ақтас кенті
Первомайская көшесі, №16
«Б» үйдегі дүкен жанындағы стенд