О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Кербулакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Кербулакского района
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 13.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2024 I193296_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24IG013419
- ЭКБ идентификаторы
- 193296
- Редакция идентификаторы
- I193296_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:12
0 Кербұлақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 13 ақпандағы
№ 55 қаулысына қосымша
Кербұлақ ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 қыркүйектегі «Кербұлақ ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы» № 258 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 96026 болып тіркелген);
2
2. Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы «Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» № 03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109172 болып тіркелген);