Об образовании Координационного совета по проблемам экологии при акимате Аккольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании Координационного совета по проблемам экологии при акимате Аккольского района
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданы әкімдігінің жанында экологиялық мәселелер жөнінде Үйлестіру кеңесін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-3/52
- Қабылданған күні
- 09.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2009 19335_207111.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04BC002385
- ЭКБ идентификаторы
- 19335
- Редакция идентификаторы
- 19335_207111
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:23
0 Ақкөл ауданы әкімдігінің жанында экологиялық мәселелер жөнінде Үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңындағы 31-бапқа сәйкес, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелермен айналысушы аудан ұйымдары мен мекемелердің қызметін өзара үйлестіру мақсатында, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл ауданы әкімдігінің жанында экологиялық мәселелер жөнінде Үйлестіру кеңесі құрылсын (қосымша 1).
2 2. Ақкөл ауданының Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2).
3 3. Үйлестіру кеңесінің жеке құрамы, аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары А.И.Тимошинге жүктелсін.
5 5. Қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді.
6 Аудан әкімдігінің
2004 ж. 09 наурыз
N а-3/52 қаулысына
қосымша 1
Ақкөл ауданы әкімдігінің
жанында экологиялық мәселелер
жөнінде Үйлестіру кеңесін
құру туралы
Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Тимошин А.И. Үйлестіру кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің
орынбасары
Полоротов А.А. Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары, ауыл
шаруашылығы бөлімінің бастығы
Кеңес мүшелері:
1 1. Рамазанов Х.Қ Ақкөл ауданы бойынша табиғи ортаны қорғау
жөніндегі уәкілетті инспектор (келісім бойынша)
2 2. Кривицкий А.К. Ақкөл қаласының әкімі
3 3. Бапышев К.С. Новорыбин селолық округінің әкімі
4 4. Жұманов М.Ж. "Краснобор орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі" ММ директоры (келісім бойынша)
5 5. Дүйсенова Ж.Е. аудандық санэпид қадағалау басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
6 6. Жәкиенов Қ.А. Ақкөл АІІБ бастығының орынбасары
7 7. Жүнісов Б.Ғ. орталық аудандық аурухананың бас дәрігері
8 8. Елкин Ю.П. аудандық жер қорын басқару жөніндегі комитеттің
төрағасы (келісім бойынша)
9 9. Оразалина Г.А. аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі
10 10. Реморенко А.Ф. жерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор
(келісім бойынша)
11 11. Қанатов С.Қ. ҚР АШМ ААБ бас мал дәрігері (келісім бойынша)
18 Аудан әкімдігінің
2004 ж. 09 наурыз
N а-3/52 қаулысына
қосымша 1
Ақкөл ауданы әкімдігінің
жанында экологиялық мәселелер
жөнінде Үйлестіру кеңесін
құру туралы
Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ереже
1
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы экологиялық мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесі, аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық консультативтік-кеңестік, яғни, аудан ұйымдары мен мекемелерінің экологиялық мәселелер жөніндегі қызметін одан әрі өзара тығыз үйлестіру, сондай-ақ, қоршаған ортаны сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тиімді шаралар қабылдау және халықтық денсаулығына сыртқы лас ортаның жағымсыз әсерін төмендетуге қол жеткізу үшін құрылған орган болып табылады.