Об утверждении Правил маркировки онлайн-рекламы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил маркировки онлайн-рекламы
- Атауы (қаз.)
- Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59-НҚ
- Қабылданған күні
- 16.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2024 193352_684322.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034004
- ЭКБ идентификаторы
- 193352
- Редакция идентификаторы
- 193352_684322
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:09
0 Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы
«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған онлайн-жарнаманы таңбалау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2024 жылғы 16 ақпандағы
№ 59-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және және онлайн-жарнаманы таңбалау тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы;
2
2) онлайн-жарнама – онлайн-платформаларды пайдаланушылар және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері таргеттелген жарнама және (немесе) демеушілік контент, және (немесе) өзге де ақпарат түрінде жасайтын және (немесе) орналастыратын, және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын, тұлғалардың беймәлім тобына арналған онлайн-платформалардағы жарнама;
3
3) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі;
4 4) таргеттелген онлайн-жарнама – профайлинг негізінде айқындалатын нысаналы топтарға арналған және пайдаланушыларды қамтуды ұлғайтуға және (немесе) оның басымдығын, оның ішінде онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесін пайдалана отырып арттыруға бағытталған онлайн-жарнама.
2 2-тарау. Онлайн-жарнаманы таңбалау тәртібі
3 3. Инфлюенсер (блогерлер) коммерциялық және (немесе) шарт негізінде орналастыратын, оның ішінде егер:
1 1) инфлюенсер (блогер) жарнама беруге немесе жарнама таратуға қатысушы не жарнама берушінің немесе жарнама таратушының акционері болып табылса;
2 2) инфлюенсер (блогер) жарнамаланатын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді пайдаланудың эксклюзивті шарттарын алса;
3
3) контентте акциялар жасалған және (немесе) бағасы төмендетілген тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге сілтемелер, сондай-ақ интернет-ресурстарға, жарнама берушінің немесе жарнама таратушының онлайн-платформалардағы аккаунттарына сілтемелер қамтылса, онлайн-жарнама таңбалануға жатады.
4 4. Таңбалау оны сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылады.
Онлайн-жарнама дыбыстық немесе аудиокөрнекі нысанда таратылған және (немесе) орналастырылған жағдайда, таңбалау онлайн-жарнаманың алдында жүзеге асырылады.
5 5. Таңбалауда орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқама болады.
Мәтіндік нұсқамада мынадай тұжырымдамалардың бірін қамтиды:
- «жарнама»;
- «жарнамалық материал»;
- «серіктестік материал»;
- «демеушілік материал»;
- «жарнама құқығында»;
- «демеушімен төленген»;
- «PR құқығында»;
- «реклама»;
- «рекламный материал»;
- «партнерский материал»;
- «спонсорский материал»;
- «на правах рекламы»;
- «оплачено спонсором»;
- «на правах PR».