Құжат мәтініне өту

Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности, города районного и областного значения области Жетісу, а также порядка и размера оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств

Өзге акт · № 14-84 · қабылданған 14.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193385/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности, города районного и областного значения области Жетісу, а также порядка и размера оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств Қолданыста Өзге акт ·№ 14-84 ·14.02.2024
14.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности, города районного и областного значения области Жетісу, а также порядка и размера оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств

Қолданыста Өзге акт ·№ 14-84 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности, города районного и областного значения области Жетісу, а также порядка и размера оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Жетісу облысының ауылдық жерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
14-84
Қабылданған күні
14.02.2024
Көрсетілген редакция
14.02.2024 I193385_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24I0013819
ЭКБ идентификаторы
193385
Редакция идентификаторы
I193385_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:12

0 Жетісу облысының ауылдық жерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жетісу облысының ауылдық жерлерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Жетісу облыстық мәслихаты

2024 жылғы 14 ақпандағы
№ 14-84 Шешіміне қосымша
Жетісу облысының ауылдық жерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

1

1. Жетісу облысының ауылдық жерлерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарына жұмысқа жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау төлеу жөніндегі уәкілетті орган «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган:
- жыл сайын облыстағы медициналық ұйымдардағы кадр тапшылығына талдау жүргізеді және ағымдағы жылға кадр тапшылығын бекітеді;
- Жетісу облысының медициналық ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінен сынақ мерзімі өткеннен кейін, медициналық ұйымдар басшысының сұрауымен әлеуметтік қолдауға өтініш қабылдайды.

2

2. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Жетісу облысының медициналық ұйымдарына жұмысқа қабылданған және медициналық ұйымдармен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан тиісті маман сертификатымен жоғары медициналық білімі бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне сынақ мерзімі (3 ай) өткеннен кейін, ағымдағы жылға бекітілген кадр тапшылығын ескере отырып төленеді.

3

3. Әлеуметтік қолдау – облыстың ауылдық жерлеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілетін қызметкерлерге бала үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалысты есепке алмағанда біржолғы көмек ретінде еңбек шарты жасалғаннан кейін, қызметкердің жеке шотына аудару арқылы төленеді.
Әлеуметтік қолдау шаралары осы әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі шеңберінде бұрын алынған ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған және (немесе) осы әлеуметтік қолдау шараларының жүйесіне сәйкес әлеуметтік қолдауды төлеу үшін көзделген еңбек шартында белгіленген мерзім өткенге дейін еңбек қатынастары тоқтатылған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қолданылмайды.

4 4. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері:

1 1) Жетісу облысының ауылдық жерлерге 10 000 000 (он миллион) теңге;

2 2) Жетісу облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға 5 000 000 (бес миллион) теңге.

5

5. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты (5 жылға дейін) мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай ішінде талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын бюджет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

6 6. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда), бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

Қолданыстағы