Об изменении и установлении границ города Жаркент и сельских округов Панфиловского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении и установлении границ города Жаркент и сельских округов Панфиловского района
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданының Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 14-85
- Қабылданған күні
- 14.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2024 I193408_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24I0013919
- ЭКБ идентификаторы
- 193408
- Редакция идентификаторы
- I193408_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:12
0 Панфилов ауданының
Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің
шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің шекаралары өзгертіліп, белгіленсін.
2 2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жетісу облысының әкімдігі
2024 жылғы 14 ақпандағы № 44
мен Жетісу облыстық мәслихаты
2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-85
Бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша
Панфилов ауданының
Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің
шекараларын өзгерту және белгілеу
1 1. Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының шекарасы жалпы ауданы 11 388,5 гектардан 3 402,05 гектарға азаюы жолымен өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 7986,45 гектар болып белгіленсін.
2 2. Жетісу облысы Панфилов ауданы Бірлік ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 22 922,64 гектарға 5 388,36 гектар қосылуы жолымен
өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 28 311 гектар болып белгіленсін.
3 3. Жетісу облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 42 178,46 гектардан 410,46 гектарға азаюы жолымен
өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 41 768 гектар болып белгіленсін.
4 4. Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 11 967 гектарға 1 537 гектар қосылуы жолымен
өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 13 504 гектар болып белгіленсін.
5 5. Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 12 143 гектарға 2 401 гектар қосылуы жолымен
өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 14 544 гектар болып белгіленсін.