Қолданыстағы ред. 11.03.2004 (Редакция 19341_339557.kaz)

Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 11.03.2004 г. № 41 (Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-11 санды Заңын жүзеге асыру бағытында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 санды Заңының 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 14 санды ұсынбасына сай қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің атаулы тізбелері мен қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (жалғанды N 1 қосымша).

2

2. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Ережесі бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).

3

3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру аудандық қаржы бөліміне (Б. Нұрмағанбетов) тапсырылсын.

4

4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (М. Ермеғали) жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында еңбек ақыларының уақытында төленуін және олардың жұмыс берушілермен арасында жасалатын құжаттарының заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ету жүктелсін.

5

5. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау тапсырылсын.

6. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің атаулы тізбелері мен қоғамдық жұмыстардың түрлері

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 41 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыратын мекемелердің атаулы тізбелері
мен қоғамдық жұмыстардың түрлері
қ/с
Мекеме, ұйым, құрылымның атаулы тізбелері
Қоғамдық жұмыстың түрлері
Қаржыландыру
көздері
1.
Селолық округтер әкімшіліктері және оның аумағындағы бюджеттік мекемелер
а) ауыл село тазалығын сақтау (қар аршу, көше сыпыру және күл-қоқыстарды шығару)
б) көгалдандыру (ағаш егу, күтіп бағу, бағбан)
в) селолық округтер әкімшілік үйлерін жылы, таза ұстау үшін от жағушы, еден сыпырушы
г) іс-қағаз толтыру
д) жәй, күрделі және қайта жөндеу жұмыстары
е) ауыз су құдықтарын тазалау, су жүйесін жүргізу
ж) әрбір округке компьютер берілуіне байланысты мекемеге күзетші
з) құрылыс салу жұмыстары (пеш тас, саман тас соғу қамыс буу және селолық дәрігерлік амбулатория, мектеп салу жұмыстары)
к) ауылдық округтерде жергілікті отын-қи дайындау
л) тарихи-мәдени ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру
м) Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық және мал санағын өткізу, әскерге шақырылушылардың есебін алу
н) аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру
п) бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту
жергілікті
бюджет
2.
Аудандық аумақтық басқарма
а) ірі қара малын қолдан ұрықтандыратын қосынын салу (Қаратөбе, Жусандой, Қоскөл, Саралжын округтері)
б) Қаратөбе селолық округінен мал моласын салу
в) мал өліктерін көметін ескі шұңқырларды жою шараларын ұйымдастыру
3
Аудандық аумақтық медицина бірлестігі
а) қыс мезгілінде ауланың қарын аршу, территорияны таза ұстау, жөндеу жұмыстары, іс-қағаз жүргізу
4
Аудандық әкімшілік
а) Әкім аппараты ғимаратының тазалығын сақтау
5
Аудандық білім бөлімі
а) мектепке алыс елді мекендерден оқушылар тасу
б) маусымдық мал бағушы бақташы
6
Аудандық әскери комиссариат
а) іс-қағаз толтыру
7
Аудандық ішкі істер бөлімі
а) іс-қағаз толтыру аудандық ішкі істер бөлімі
8
Коммуналдық кәсіпорын
Аудандық мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы
кәсіпорын
а) жөндеу жұмыстары (монша, дүкен, автостанция)
б) құрылыс жұмыстары (тұрғын үй салу, құрылыс материалдарын бұзу)
в) су құдықтарын салу, тұрғын үйлерге су тарту
г) құрылыс және иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру
д) ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып отыру

7. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ереже

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 41 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы ереже

1

1. Қоғамдық жұмыстарға жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.

2

2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен үлгілік шарт негізінде анықталады: келісім-шартта қоғамдық жұмысқа жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.

3

3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақыдан зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.
Кейбір жұмыс түрлерінің ауырлығына байланысты:

1

1) құрылыс салу, күрделі жөндеу, бұзу, құрылыс материалдарын дайындау жұмысына төменгі еңбекақыға қосымша 80 пайыз көлемінде;

2

2) саман, пеш тас соғу, қамыс буу жұмыстарына 50 пайыз үстемақы төленеді.

4

4. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс.

5

5. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

6

6. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес екі жақты келісім-шарт жасасады.

7

7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылдық округтер әкімдері, мекемелер басшылары әрбір айдың 25-не атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырады.