Қолданыстағы ред. 11.03.2004 (Редакция 19342_290798.kaz)

Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Қеңесін құру туралы от 11.03.2004 г. № 46 (Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Қеңесін құру туралы)

0

Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Қеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 санды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі ұсынылып отырған құрамда құрылсын (жалғанды N 1 қосымша).

2

2. Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.

3

3. Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ережесі бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).

4

4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.

5. Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамы

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 46 қаулысына
N 1 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру
Кеңесінің құрамы
Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімі орынбасары,
комиссия төрағасы
Хамидуллин Бауыржан - аумақтық медициналық
Амангелдіұлы бірлестігінің директоры,
комиссия төрағасының
орынбасары
Құспанова Зульфия - аудан әкімі аппаратының
Алиахметқызы бас маманы, комиссия
хатшысы
мүшелері:
Әбішев Амангелді Рашидұлы - аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Төлеуов Аманша Төлеуұлы - аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық станция
мекемесінің бастығы
Нұрмағанбетов Серік - аудандық аумақтық
Базарұлы басқарма бастығы
Нұрмағанбетов Берік - аудандық қаржы бөлімінің
Базарұлы меңгерушісі
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі
Альжанова Гүлсара - аудандық туберкулез
Нұрсұлтанқызы ауруханасының директоры

6. Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесін құру туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 46 қаулысына
N 2 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезбен күресу
жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесін құру туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі (әрі қарай - Кеңес) аудан әкімдігі жанынан құрылған консультациялық-кеңесші орган болып саналады.

2

2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені басшылыққа алады.

3

3. Кеңес өз қызметінде жергілікті жерде алдын-ала тексеру жүргізіп және жергілікті жердегі жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күресудің жәй-күйі туралы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлік, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттарын тыңдайды.

4

4. Кеңес отырысының қорытындысы ұсынба сипатта болады.

2. 2. Кеңестің мақсаты

2. Кеңестің мақсаты

5

5. Кеңестің мақсаты туберкулезбен күресуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі атқарушы органдардың, басқармалар мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыруға қатысады.

3. 3. Кеңестің міндеттері

3. Кеңестің міндеттері

6

6. Аудан әкімідігіне туберкулез ауруы туралы мәліметтер беріп отыруға тиіс.

7

7. Аудандық Кеңес өз жұмысын аудандық медициналық бірлестігімен үйлестіре жүргізеді.

8

8. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді төмендегідей жүзеге асырады.

9

9. Ақпараттық-насихат шараларын жүзеге асырады.

10

10. Қазақстан Республикасы заңдарына сүйене отырып, басқалай қызметтер түрін жүргізеді.

4. 4. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру

4. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру

11

11. Кеңесті аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары басқарады.

12

12. Кеңес отырысы үш айда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы, Кеңес төрағасының жеке өзінің бастамасымен немесе барлық Кеңес мүшелерінің үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.

13

13. Кеңес отырысына барлық Кеңес мүшесінің үштен екісі қатынасса құқылы болып саналады. Кеңеске қатынасқандардың көпшілігі дауыс берсе, Кеңес шешімі заңды болып есептеледі. Егер дауыс тепе-тең болса, Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

14

14. Мәселелерді отырысқа әзірлеп, сараптап, талдаулар жүргізілгеннен кейін Кеңес жұмысшы тобын құруы мүмкін, оған Кеңес мүшесінің біреуі басшылық жасайды.

15

15. Кеңес өзіне тиісті мәселелерді іске асыруды заңдылық тәртібіне сәйкесті жүргізуге құқылы болады.

16

16. Мемлекеттік органдардан, мекемелерден Кеңес өз құзырына кіретін мәселелер жөнінде керекті ақпаратты сұрай алады.

17

17. Кеңес құзырына қатысты мәселелерден әдейі түсініктер береді.

5. 5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

18

18. Кеңес төрағасын, оның орынбасарлары мен Кеңес мүшелері мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.

19

19. Төраға болмағанда, оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.

20

20. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.

21

21. Кеңес хатшысы ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады Кеңестің басқалай қамту жұмыстарын жүзеге асырады.

22

22. Кеңесте қаралатын мәселелер кеңес төрағасына ұсынылады.

23

23. Кеңес төрағасы:

1

1) Кеңес отырысының күн тәртібін бекітеді;

2

2) Кеңестің қызметі туралы есепті әзірлейді.

6. 6. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі

6. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі

24

24. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.