О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 16.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2024 193451_685389.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034010
- ЭКБ идентификаторы
- 193451
- Редакция идентификаторы
- 193451_685389
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:10
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Кейбір бұйрықтардың күші осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
0 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 ақпандағы
№ 72 Бұйрыққа
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген).
2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13541 болып тіркелген).
3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 869 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14737 болып тіркелген).
4
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 661 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16011 болып тіркелген).
5
5. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 424 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17114 болып тіркелген).
6
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 156 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18449 болып тіркелген).
7
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 8 – тармағы, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 825 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19584 болып тіркелген).
8
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 43 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22173 болып тіркелген).