Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 50 · қабылданған 20.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193550/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 50 ·20.02.2024
20.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 50 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
50
Қабылданған күні
20.02.2024
Көрсетілген редакция
20.02.2024 193550_685291.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24TC513506
ЭКБ идентификаторы
193550
Редакция идентификаторы
193550_685291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:06

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Махамбет ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4683 болып тіркелген) және 2022 жылғы 1 ақпандағы № 33 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26755 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Махамбет ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 50 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;

2 2) аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;

3 3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

4 4) мейіргер;

5 5) логопед;

6 6) психолог;

7 7) әдіскер;

8 8) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

9 9) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

10 10) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

11 11) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;

12 12) музыкалық жетекші;

13 13) тәрбиеші.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық

кәсіпорын басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық

кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);

4 4) аккомпаниатор;

5 5) аккомпаниатор-концертмейстр;

6 6) барлық атаудағы әртістері;

7 7) библиограф;

8 8) кітапханашы;

9 9) дирижер;

10 10) дыбыс режиссері;

11 11) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

12 12) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

13 13) музыкалық жетекші;

14 14) продюсер;

15 15) редактор (негізгі қызметтер);

16 16) режиссер;

17 17) қоюшы режиссер;

18 18) вокал бойынша үйретуші;

19 19) хореограф;

20 20) хормейстер;

21 21) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

Қолданыстағы