Об определении оператора данных контрольных приборов учета в сфере производства этилового спирта и алкогольной продукции
Қолданыста
Бұйрық
·№ 92
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оператора данных контрольных приборов учета в сфере производства этилового спирта и алкогольной продукции
- Атауы (қаз.)
- Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 20.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2024 193631_686736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24E0000092
- ЭКБ идентификаторы
- 193631
- Редакция идентификаторы
- 193631_686736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:07
0 Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруде осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы болып белгіленсін.
2 2. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 763 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;