Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 76 · қабылданған 22.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193664/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 76 ·22.02.2024
22.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 76 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут орнату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
22.02.2024
Көрсетілген редакция
22.02.2024 193664_685352.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24UC00076A
ЭКБ идентификаторы
193664
Редакция идентификаторы
193664_685352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:03

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы, Оңтүстік аумағынан «Инженерлік инфрақұрылым жүйелері үшін» төменде көрсетілген жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

1 1) «Кәріз жүйелері үшін» алаңы 0,072 га (715 шаршы метр) жер учаскесі;

2 2) «Ауыз су жүйелері үшін» алаңы 0,83 га (8256 шаршы метр) жер учаскесі.

2 2. «Кентау қаласының әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.

Қолданыстағы