Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества

Бұйрық · № 48/қе · қабылданған 27.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193694/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества Қолданыста Бұйрық ·№ 48/қе ·27.02.2024
27.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества

Қолданыста Бұйрық ·№ 48/қе · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества
Атауы (қаз.)
Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
48/қе
Қабылданған күні
27.02.2024
Көрсетілген редакция
27.02.2024 193694_685726.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034057
ЭКБ идентификаторы
193694
Редакция идентификаторы
193694_685726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:58

0 Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық қамтамасыз ету қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 27 ақпандағы
№ 48/қе бұйрығымен
бекітілген
Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша пайдалануға беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарт – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде жасалған шарт;

2 2) несие беруші – олардың мүдделері үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде шарттар жасалған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының республикалық мемлекеттік мекемелері;

3 3) несие алушы – жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

3 3. Несие берушінің ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті (бұдан әрі - мүліктер) өтеусіз уақытша пайдалануға беру жеке және заңды тұлғалардың тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

4 4. Несие алушыға уақытша пайдалануға берілетін мүліктердің тізбесін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарт жасалғаннан кейін несие беруші жасайды.

2 2-тарау. Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша пайдалануға беру тәртібі

5

5. Мүліктерді өтеусіз уақытша беру үшін несие беруші мен несие алушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жасалған шарттың мерзімі шегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз пайдалану туралы шарт (бұдан әрі –өтеусіз пайдалану туралы шарт) жасасады.

6 6. Несие беруші несие алушымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шартты тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеусіз пайдалану туралы шарт жасасады.

7 7. Өтеусіз пайдалану туралы шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде несие беруші мен несие алушының арасында Қағидаларға қосымшаға сәйкес мүліктерді қабылдау-тапсыру актісін ресімдейді.

8 8. Қабылдау-тапсыру актісі екі данада, несие берушіге және несие алушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және несие беруші мен несие алушы қол қояды.

9 9. Өтеусіз пайдалану шартында берілген мүлікті несие алушының дұрыс пайдалануын бақылауды тұрақты негізде жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы көрсетіледі.

23 Қабылдау-тапсыру актісі

Ғимараттарды, асхана үй-жайларын
және олардағы мүлікті өтеусіз
уақытша беру қағидаларына
қосымша
Қабылдау-тапсыру актісі
_________қаласы
20___жылғы «___» _________
Бір тараптан Жарғының негізінде әрекет етуші
_____________________________________________________________ атынан
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Несие беруші _______________________________________________________
(несие берушінің атауы)
және ___________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаттарының атауы және тіркелген күні)
_____________________________________________________________ атынан
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Несие алушы
___________________________________________________________________
(несие алушының атауы)
мынадай мекенжайда орналасқан:
___________________________________________________________________
жалпы ауданы ______________________________________________________
объектіні 20___жылғы «___» ______ №____ мүлікті өтеусіз пайдалану шартына
сәйкес қабылдау-тапсыру жүргізді.
1. Объектінің сипаттамасы:
___________________________________________________________________
2. Анықталған ақаулар тізбесі бар берілетін объектінің және ондағы мүліктің
техникалық жай-күйі (егер бар болса):
___________________________________________________________________
3. Коммуникациялардың болуы _______________________________________
(сумен жабдықтау, кәріз, жылу энергиясымен
___________________________________________________________________
және газбен қамту бар-жоғын көрсетіңіз)
4. Есептеу аспаптарының көрсеткіштері (су-кәріз және электр энергиясы):
___________________________________________________________________
5. Осы Акт екі (2) данада жасалды, несие беруші және несие алушы үшін бір-бір данадан.
Несие беруші: ____________________
________________________________
(несие берушінің атауы)
________________________________
________________________________
________________________________
(орналасқан жері)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
________________________________
(қолы)
М.О.
Несие алушы: ____________________
________________________________
(несие алушының атауы)
________________________________
________________________________
________________________________
(орналасқан жері)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
________________________________
(қолы)
М.О.

Қолданыстағы