Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории Актогайского района

Қаулы · № 07/01 · қабылданған 15.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193729/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории Актогайского района Қолданыста Қаулы ·№ 07/01 ·15.02.2024
15.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории Актогайского района

Қолданыста Қаулы ·№ 07/01 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории Актогайского района
Атауы (қаз.)
Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
07/01
Қабылданған күні
15.02.2024
Көрсетілген редакция
15.02.2024 193729_685661.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24KJ656409
ЭКБ идентификаторы
193729
Редакция идентификаторы
193729_685661
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:11

0 Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2

2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 04/01 «Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-131 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтоғай аудандық
сайлау комиссиясы

0 Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 07/01
қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Ақтоғай ауылы
Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта
2
Ақтоғай ауылы
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Күләш Байсейітова атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта
3
Ақтоғай ауылы
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» жанындағы интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта
4
Ақтоғай ауылы
Қарағанды облысының білім басқармасының «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта
5
Ақтоғай ауылы
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтоғай ауданының аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта
6
Абай ауылдық округі
Абай ауылы, Абай көшесі 8А үйдің жанындағы ақпараттық тақта
7
Айыртас ауылдық округі
Орталық көшесіндегі саябақтағы ақпараттық тақта
8
Қарабұлақ ауылдық округі
Нарманбет ауылы, Сана би көшесі 7А үйдің жанындағы ақпараттық тақта
9
Жидебай ауылдық округі
«Дастан» дүкенінің жанындағы жарнамалық тақта
10
Жидебай ауылдық округі
«Ақнұр» дүкенінің жанындағы жарнамалық тақта
11
Қусақ ауылдық округі
Қошқар ауылы, Мәдениет көшесі 15 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
12
Қызыларай ауылдық округі
Ақжарық ауылы, У.Жәнібеков көшесі 11 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
13
Кежек ауылдық округі
Ақши ауылы, Бейбітшілік көшесі 11А үйдің жанындағы ақпараттық тақта
14
Қараменде би ауылдық округі
Ақтас ауылы, Еңбек көшесі 7А үйдің жанындағы ақпараттық тақта
15
Қараменде би ауылдық округі
Қуаныш ауылы, Кенішбай көшесі 24 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
16
Нүркен ауылдық округі
Нүркен ауылы, Жалаңтөс көшесі 8 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
17
Ортадересін ауылдық округі
Ортадересін ауылы, О.Жаутіков көшесі 20 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
18
Сарытерек ауылдық округі
Сарытерек ауылы, Парасат көшесі 18А үйдің жанындағы ақпараттық тақта
19
Шабанбай би ауылдық округі
Шабанбай би ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі 11 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
20
Тасарал ауылдық округі
Тасарал ауылы, Ағыбай батыр көшесі 5 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
21
Сарышаған кенті
Абай көшесі 3 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
22
Сарышаған кенті
Теміржол 35 көшесіндегі жарнамалық тақта
23
Шашубай кенті
Ж.Ақбергенов көшесі 3 үйдің жанындағы ақпараттық тақта
24
Шашубай кенті
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Шашубай кентіндегі мектеп – бөбекжай» кешені» (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы жарнамалық тақта

Қолданыстағы