Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества

Бұйрық · № 11-42 · қабылданған 28.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193821/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества Қолданыста Бұйрық ·№ 11-42 ·28.02.2024
28.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-42 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил безвозмездной временной передачи зданий, помещений столовых и находящегося в них имущества
Атауы (қаз.)
Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-42
Қабылданған күні
28.02.2024
Көрсетілген редакция
28.02.2024 193821_705756.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034076
ЭКБ идентификаторы
193821
Редакция идентификаторы
193821_705756
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:57

0 Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті

өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 5-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары

2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-42 Бұйрыққа
қосымша
Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы
мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – МКҚ) ғимараттарын, асхана үй-жайлары мен олардағы мүлікті (бұдан әрі – мүлікті) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт – МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт;

2 2) несие беруші – тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасуға мүдделі МКҚ республикалық мемлекеттік мекемесі;

3 3) несие алушы – тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

3 3. Несие беруші мүлікті өтеусіз уақытша беруді тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт міндеттемелерін жеке және заңды тұлғалардың орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

4 4. Өтеусіз уақытша пайдалануға несие алушыға беруге жататын мүліктің тізбесін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасалғаннан кейін несие беруші әзірлейді.

2 2-тарау. Мүліктерді өтеусіз уақытша беру тәртібі

5 5. Несие беруші және несие алушы мүлікті өтеусіз уақытша беру шартын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру туралы жасалған шарттың мерзімі шегінде жасасады.

6 6. Несие беруші тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде несие алушымен мүлікті өтеусіз уақытша беру шартын жасасады.

7 7. Мүлікті өтеусіз уақытша беру шарты жасалғаннан кейін несие беруші несие алушыға мүлікті бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда мүлікті қабылдау-беру актісі бойынша береді.

8 8. Мүлікті қабылдау-беру актісі әрбір тарап үшін бір-бір данадан екі данада әзірленеді.

9 9. Мүлікті өтеусіз уақытша беру туралы шартта берілген мүлікті несие алушының дұрыс пайдалануына бақылауды тұрақты негізде жүзеге асыратын тараптың уәкілетті лауазымды адамының құқығы көрсетіледі.

1 Мүлікті қабылдау-беру актісі

Ғимараттарды, асхана
үй-жайларын және олардағы
мүлікті өтеусіз уақытша
беру қағидаларына
қосымша
нысан
Бекітемін
_____________________________ бастығы
(бөлімше атауы)
_______________ ________ ______________
(арнаулы атағы) (қолы) (тегі және аты-жөні)
«______» _________________ 20___ жыл
Мүлікті қабылдау-беру
актісі
_________ қаласы
«___» _________20___жыл
Несие беруші _______________________________________________________________
(несие берушінің атауы)
Қағида (Жарғы) негізінде әрекет етуші_______________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
тұлғасында бір тараптан және Несие алушы__________________________________________
(несие алушының атауы)
тұлғасында______________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
екінші тараптан__________________________________________________________________
(құрылтай құжаттарының атауы мен тіркелген күні)
қолданыстағы негізінде
______________________________ мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы аумағы ___________________________ болатын «___» ______20___ жылғы №_____ ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру шартына сәйкес мүлікті қабылдау және беруді жүзеге асырды.

1 1. Мүліктің сипаттамасы:

№ р/с

Үй-жай­дың ата­уы
Объ­ек­ті­нің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы және ау­ма­ғы
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы
Ес­керт­пе
.

2 2. Мүліктер тізілімі:

р/с №
Мүк­әм­мал­дық нө­мі­рі
Мү­лік­тің ата­уы
Са­ны
Өлш.бірл
Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Бе­ру
мер­зі­мі
Ба­стап­қы құ­ны (тең­ге)
Қал­ды­ғы (ба­лан­стық) (тен­ге)
Ба­лан­стық құ­ны­нынң қал­дық пай­ы­зы
То­зу пай­ы­зы

3 3. Берілген мүліктің және онда орналасқан мүліктің техникалық жағдайы анықталған ақаулар тізбесімен (бар болса): ______________________________

____________________________________________________________________.

4 4. Есептеу аспаптарының көрсеткіштері: __________________________________

(коммуналдық қызметті төлеу үшін)

5 5. Осы Акт несие беруші мен несие алушы үшін бір-бірден екі данада жасалды.

НЕСИЕ БЕРУШІ:
________________________________
________________________________
(несие берушінің атауы)
________________________________
________________________________
(орналасу орны)
________________________________
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________
(қолы)
М.О.
НЕСИЕ АЛУШЫ:
______________________________
______________________________
(несие алушының атауы)
______________________________
______________________________
(орналасу орны)
______________________________
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
(қолы)
М.О.(бар болса)

Қолданыстағы