Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов

Өзге акт · № 15/88-VIII · қабылданған 21.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193845/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов Қолданыста Өзге акт ·№ 15/88-VIII ·21.02.2024
22.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов

Қолданыста Өзге акт ·№ 15/88-VIII · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов
Атауы (қаз.)
Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15/88-VIII
Қабылданған күні
21.02.2024
Көрсетілген редакция
22.05.2025 193845_770765.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FB022918
ЭКБ идентификаторы
193845
Редакция идентификаторы
193845_770765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:05

0 Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы

кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Курчатов қалалық мәслихатының
2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 15/88-VIII шешіміне
1 қосымша
Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәсеселері туралы» бұйрығымен бекітілген «Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелді), (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды «Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, Курчатов қаласынан тыс кету, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы «Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидалардың 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өндіріп алу қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарынан үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын мүгедектігі бар әрбір балаға он айлық есептік көрсеткішке тең

8 8. Оқыту шығындарын өтеуден бас тарту негіздері:

1 1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiн анықтау;

2 2) өтiнiш берушiнiң және (немесе) оқуға жұмсалған шығындарды өтеу үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректер мен ақпараттың сәйкес келмеуі;

3 3) «Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің оқуға кеткен шығындарды өтеуге қажетті келісу сұрауына теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерудің теріс қорытындысы;

4 4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

17 Курчатов қалалық мәслихатының

2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 15/88-VIII шешіміне
2 қосымша

1

1. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26182 болып тіркелді);

2

2. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII «Курчатов қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 13 қазандағы № 22/146-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30200 болып тіркелді);

3

3. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII «Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/31-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 82-18 болып тіркелді).

Қолданыстағы