Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовой формы акта обследования семейно-имущественного положения

Бұйрық · № 11-41 · қабылданған 28.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193861/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении типовой формы акта обследования семейно-имущественного положения Қолданыста Бұйрық ·№ 11-41 ·28.02.2024
28.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовой формы акта обследования семейно-имущественного положения

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-41 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовой формы акта обследования семейно-имущественного положения
Атауы (қаз.)
Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-41
Қабылданған күні
28.02.2024
Көрсетілген редакция
28.02.2024 193861_687512.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034086
ЭКБ идентификаторы
193861
Редакция идентификаторы
193861_687512
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:57

0 Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің

үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 17-тармағының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Кадрлық жұмыс, жауынгерлік және арнайы дайындық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелеуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысаны

2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-41
Бұйрығымен бекітілген
Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысаны
20___ жылғы «____» ___________

1 1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген отбасылық жағдайға байланысты

____________________________________________________________________
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)
төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу кезінде мынадай құрамдағы комиссия:_________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
оның отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізді.

2 2. Қызметкер қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің мекенжайы

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

3 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қашан қабылданды_________________________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

4 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қызметке қабылданғанға дейін қайда жұмыс істеген (оқыған)

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы көрсетілсін)

5 5. Өзінің асырауында кімдер бар ___________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

6 6. Қызметкердің отбасы құрамы:

№ р/с
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Туыстық қатынасы
Тұрғылықты жері
1
2
3
4
5

7 7. Қызметкердің отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі______________

____________________________________________________________________

8 8. Ата-аналарынан бөлек тұратын ағалары мен әпкелері:

№ р/с
Тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Туыстық қатынасы
Тұрғылықты жері
Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы)
Лауазым, айлық (зейнетақы)мөлшері
1
2
3
4
5
6
7

9 9. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, тексеру нәтижесінде белгіленген отбасы жағдайы (актіге осы жағдайды растайтын құжаттардың көшірмесі қоса беріледі)

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

10 10. Қызметкердің отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізген комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары ___________________________

____________________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолы:
________________________
________________________
________________________
20___ жылғы «____» ___________
11. Осы актімен таныстырылған ___________________________________
____________________________________________________________________
(қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20___ жылғы «____» ___________
Ескертпе: отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісі қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
____________________________

Қолданыстағы