Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 289 · қабылданған 27.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193896/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 289 ·27.02.2024
27.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 289 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
289
Қабылданған күні
27.02.2024
Көрсетілген редакция
27.02.2024 193896_686951.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA00289A
ЭКБ идентификаторы
193896
Редакция идентификаторы
193896_686951
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:58

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 41, № 42, № 45, № 46, № 47, № 48 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2024 жылғы 27 ақпандағы
№ 289 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1

1) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0997 гектар, «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында 1200 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (су құбыры) жүргізу үшін;

2

2) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,1388 гектар, «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында 1200 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (су құбыры) жүргізу үшін;

3

3) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0507 гектар, «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында 1200 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (жылумен жабдықтау) жүргізу үшін;

4

4) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,1435 гектар, «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында 1200 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (канализация) жүргізу үшін;

5

5) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0103 гектар, «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында 1200 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (телефондандыру) жүргізу үшін;

6

6) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0831 гектар, «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында 1200 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (электрмен жабдықтау) жүргізу үшін.

Қолданыстағы