Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 340 · қабылданған 05.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194155/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 340 ·05.03.2024
05.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 340 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
340
Қабылданған күні
05.03.2024
Көрсетілген редакция
05.03.2024 194155_688807.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA00340A
ЭКБ идентификаторы
194155
Редакция идентификаторы
194155_688807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:49

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 43, № 44 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына елді мекендердің жері санатынан мына мекенжай бойынша орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін:
Қостанай қаласы, Лермонтов көшесі, Қостанай қаласы, Лермонтов көшесіне дейін № 11 орта мектеп арқылы өздігінен ағатын канализациялық коллекторды қайта қайта құру үшін, жалпы алаңы 0,3198 гектар;
Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 84 бастап – Алтынсарин көшесі – Пушкина көшесі, Тәуелсіздік көшесі бойынша, Қостанай қаласындағы, Тәуелсіздік көшесі 84 бастап– Алтынсарин көшесі – Пушкин көшесі, Тәуелсіздік көшесі бойынша, өздігінен ағатын канализациялық коллекторды қайта қайта құру үшін, жалпы алаңы 0,3960 гектар.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы