Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки и содержания объектов городской инфраструктуры на территориях города Лисаковска, поселка Октябрьский, села Красногорское Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы қалалық инфрақұрылым объектілерін көркейту, санитарлық тазалау және күту ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 және 543-баптарына «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына және сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы қалалық инфрақұрылым объектілерін көркейту, санитарлық тазалау және күту ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау заңдылық, азаматтардың құқықтарын және құқық тәртібін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Р.А. Дәурембековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Лисаков қалалық мәслихатының «Сыртқы көркейту элементтерін, көгалдандыру мен тұрғын үй қорын ұстау және сақтау ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 9 маусымдағы № 49 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Қостанай облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы қалалық инфрақұрылым объектілерін көркейту, санитарлық тазалау және күту ережелері
Қалалық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 16 наурыздағы № 42 шешімімен бекітілген Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы қалалық инфрақұрылым объектілерін көркейту, санитарлық тазалау және күту ережелері Осы Ережелер Лисаков қаласының әкімшілік аумағындағы, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, жалгерлердің, үй салушылардың, ғимарат, құрылыс және ғимарат иелерінің, сондай-ақ Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының тұрғындары үшін инфрақұрылым объектілерін көркейту, санитарлық тазалау, аумақ тазалығын сақтау, күту мен қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жинау, көркейту үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге арнап қала аумағын бекітіп беру және қоқыстарды шығару мен пайдаға асыру ережелері
1. Жинау, көркейту үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге арнап қала аумағын бекітіп беру және қоқыстарды шығару мен пайдаға асыру ережелері
Тармақ 1
1. Шағын аудандардың (аулалардың) ішкі аумағын, аяқжолдарды жинау, көгалдандыру және көркейту жұмыстары үй-жай иелерінің кооперативтеріне; даңғыл көшелерді, жасыл желектер аймағын, бақша, саябақ соқпақтарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді, және де басқа жалпы пайдаланымдағы орындарды мамандандырылған коммуналдық кәсіпорынға жүктеледі.
Тармақ 2
2. Өз аумағы мен офис, палатка, дүңгіршек, шағын дүкен және басқа да шағын және орта бизнес объектілердің, оқу орындардың, мектеп жасына дейінгі балалардың мекемелерінің, өнеркәсіп және өзге кәсіпорындардың, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, санитарлық-сақтау аймағы радиусындағы базаларының және кіре берістердің, қарасты аумақты тазалау және жинау жұмысын аталған объектілердің иелері өз күштерімен, қаржысымен, мамандандырылған ұйымдармен шарт жасау бойынша қамтамасыз етеді, басқа аумақтық (стадиондар, базарлар, автомашиналар мен гараж құрылысы кооперативтерінің ашық тұрақтары, өздеріне қарасты аумақтармен бірге санитарлық-қорғау аймағы радиусте) тазалықты күту жауапкершілігі тиісті жер пайдаланушыларға жүктеледі. Жер қыртысы жамылғысын бүлдіруге байланысты өнеркәсіп немесе құрылысы жұмысын жүргізуші, құрылыспен айналысатын басқа да ұйымдар жердің құнарлы қыртысын көшет құрылысына пайдалану үшін алып қоюға және сақтауға міндетті, сондай-ақ құрылыс пен өндіріс бітісімен өндіріс жұмыстары кезінде бүлдірген жер учаскелері мен жас көшеттерді өз есебінен қалпына тез келтіреді.
Тармақ 3
3. Күрделі, ағымдағы жөндеуді жүргізуші құрылыс объектілеріне қарасты аумақты таза күту мен жинастыру жауапкершілігі жөндеу-құрылыс ұйымына немесе осы жұмысты атқаратын тұлғаларға жүктеледі.
Тармақ 4
4. Ғимараттар салу кезінде жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғын үй алабын құрылыс қоқысынан тазартуды үйге тапсырыс беруші қамтамасыз етеді. Ғимарат пайдалануға берілген сүттен бастап оның иесі жүйелі түрде тазалық жүргізуді ұйымдастыруы тиіс.
Тармақ 5
5. Жекелеген объектілер, түрлі ведомстволарға, сондай-ақ тұрғын үй аумағына санитарлық тазалық жасау санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бақылауымен мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындармен және үй-жайлар иелерінің кооперативтерімен жасалған шарт немесе өз күштерімен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Қоқыстарды жоюды жүргізетін ұйымдар арасында жасалған шарттар мен кестелер бойынша тұрғын үй, өндірістік ғимараттар және басқа объектілердің иелерімен үнемі тазалау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздандыру санитарлық нормаларда және қатты тұрмыстық қоқыстарды (ода әрі - ҚТҚ) пайдаға асыру үшін ережелерде баяндалған талаптар, зиянсыздандыру және қайта өңдеу бойынша арнайы бөлінген учаскелерде немесе ғимараттарда жүргізіледі. Қоқыстарды осы орындарға арналмаған басқа жерлерге шығаруға, сондай-ақ оларды қала мен поселкеге қарасты аумақта жағуға және көмуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Жалпы пайдаланымдағы жерлерді жинау мен күту
2. Жалпы пайдаланымдағы жерлерді жинау мен күту
Тармақ 8
8. Саябақтар аумағындағы, жағажай демалыс аймағындағы, көпшілік қыдыратын жерлердегі және басқа орындардағы тазалық 1 тарауындағы белгіленгендей талаптарға сәйкес күтіліп таза ұсталады.
Тармақ 9
9. Барлық алаңдар мен көшелерде, саябақтарда, базарларда, қалалық көлік аялдамаларында және басқа да орындарға жеткілікті етіліп урналар қойылуы керек. Урналардың ара қашықтығын магистралды (аумақ) пайдалану интенсивіне байланысты коммуналдық шаруашылық органдары анықтайды, бірақ ара қашықтық 50 метрден аспауы тиіс, ал кісілер аз жүретін жерлерге ара қашықтығы 100 метрден урналар қойылады. Урналар міндетті түрде қалалық көлік жүретін аялдамаларға орнатылуы тиіс.
Тармақ 10
10. Үйлердің және кеңселердің, сауда жасайтын жайлардың, палаткалардың, шағын дүкендердің, павильондардың, саябақтың, парктің, жағажайдың иелері қалдықтарға арнап урналар орнатады. Урналар түзу және таза ұсталуы тиіс, қоқыстың жинақталуына қарай урналар тазартылып ҚТҚ пайдаға асыру үшін қалдықтарға арналған орындарға шығарылады, үзбей жуылып және дезинфекция жасалады, жылына екі реттен кем емес сырланып отырылады.
Тармақ 11
11. Ыдыстарды және дүңгіршіктердің, палаткалардың, ұсақ бөлшек сауда жасайтын павильондардың, дүкендердің және басқа да кәсіпкерлер объектілерінің, сондай-ақ материалдардың құрылыс алаңынан тысқары үйілуіне тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Тез бұзылмайтын тамақ тағамдарына, көкөністер мен жемістерге арнап палаткаларды, шағын дүкендерді, дүңгіршіктерді, жайма орындарды көшеде орнатуда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдармен және әкім аппаратының бас сәулетшісімен, шағын және орта бизнес бөлімімен келісім жасалуы тиіс.
Тармақ 13
13. Көлік құралдарын жөндеу және пайдалануға байланысты, қала мен село және кент аумағын ластауға, тұрмыс қалдықтарын механикаланған жинау мен шығаруға кедергі келтіретіндей, балалар ойнайтын алаңға, аула аумағының өтетін бөлігіне, көлік құралдарын қоюға, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы жерлерге бөлшектелген көлік құралдарын қоюға тыйым салынады.
Тарау 3. 3. Оқшауланған аумақтағы объектілерді жинау
3. Оқшауланған аумақтағы объектілерді жинау
Тармақ 14
14. Оқшауланған аумақтағы объектілерде (базар, жағажай, саябақ, емдеу-профилактикалық мекеме) санитарлық-эпидемиологиялық стансасының келісімінсіз санитарлық қондырғыларды салуға және қайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөлік жууға, осы мақсатқа бөлінбеген жерлерге ыдыс пен ағаш сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Жағажай. Техникалық жұмысшылар жағажай жабылған соң жағалауға, әжетханаларға киім шешетін жерлерге, көгалды аймақтарға, негізгі жинастыруы, ыдыстарды жуу және әжетханаларды дезинфекциялау жүргізуі тиіс. Күндіз патрульдік жинастыру жүргізіледі. Жиналған қалдықтарды шығаруға таңғы сағат 8.00-ге дейін рұқсат етіледі. Жас көшеттер алабынан 3-5 метр, ал су жиегінен 10 метрден кем емес жерге урналар қойылуы қажет. Жағажай аумағындағы 160 шаршы метр жерге біреуден есептеліп, урналар қойылуға тиіс. Жағажай аумағында бір орынға 75 рет кіріп-шығуға арналған қоғамдық әжетханалар орнатылуы қажет. Қоғамдық әжетханалардың арасы адамдар шомылатын жерге дейін 50 метрден кем емес және 200 метрден алыс болмауы тиіс. Киім шешетін ашық, жабық орындар, шешінетін павильондардың гардеробтары күнбе күн дезинфекцияланып жуылуы тиіс. Шомылуға арналған орындарда кір жууға және хайуанаттарды шомылдыруға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Базарлар. Базар аумағы (оның ішінде шаруашылық жүргізу алаңдары, кірер жер, кіре беріс жолдары) ағын су мен еріген қар ағып кетуге еңкіштеліп ыңғайланған қатты жамылғыда (асфальт, жұмыс тас) болуы тиіс. Базардың орналасуын тұрғын үйлерден санитарлық жағынан алғанда 50 метрден кем емес оқшауланған аумақта қарастыруы қажет. Базар аумағында канализация мен су құбыры болуы тиіс. Базарлардағы канализациясыз күресінің өткізбейтін қоғамдық әжетханалар сауда орнына 20 метрден кем емес қашықтыққа орнатылуы тиіс. Урналар санын анықтаған кезде базар алаңында әрбір 50 шаршы метрге есептеліп бір урна қойылуы керек. Базарлардың жұмыс уақытын басшылары (иелері) белгілейді. Базарлардың бүкіл аумағын, негізгі және қосалқы ғимараттарды, сауда орындарын, сөрелерді, столдарды, керек-жарақтарды жинау мен дезинфекциялау үшін аптасына бір рет санитарлық күн жарияланады.
Тармақ 17
17. Парктер мен саябақтар. Ондағы негізгі жиыстыру таңғы сағат 7-ден 11-ге дейін жүргізілуі тиіс. Ал қалған уақытта қалдықтарды жинауды, жинастыруды патруль жүргізеді, жас көшеттерді суарады.
Тарау 4. 4. Автожолдарды (өтетін жерлерді) күту мен жинастыру
4. Автожолдарды (өтетін жерлерді) күту мен жинастыру
Тармақ 18
18. Жолдарды (өтетін жер) жинау қоқыстарды сыпыру, қардан тазарту арқылы мамандандырылған кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде шу болдырмау ережелері сақталуға тиіс. Жиып-жинастыратын машиналардың орын алмасуы кезінде де жол қозғалысы ережелері сақталғаны жөн.
Тармақ 20
20. Қаладағы өтетін жолдарды қысқы кезіндегі жинастыру мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындармен жүзеге асырылады. Табиғаттың қолайсыз және қар мен тайғақтықтан тазалау кезінде, жол қозғалысының тоқтамауы үшін, арнаулы машиналар тез арада жолға шығуға әзір болуы тиіс. Қар тазалайтын механизмдер өздерінің технологиялық маршрутын ең көп жол қозғалысы болатын жерлерден бастауы тиіс.
Тармақ 21
21. Төбедегі қар мен сүңгілерді тазалау ғимарат иесінің міндетіне кіреді және ондай кезде сақтық шаралары сақталуы тиіс (кезекшілер бөлу, тротуарды қоршау). Төбеден түсірілген бір жерге үйіледі және қажет жағдайда шығарылып тасталады.
Тармақ 22
22. Кәсіпорындардың және мекемелердің, үй-жай иелерінің кооперативтерінің тұрғын үй бөлімдері:
Тармақша 1
1) тұрмыс қалдықтарын әкетуді іске асыруға, қажет жағдайда шарт жасасуға;
Тармақша 2
2) елді мекендер аумағын күтудің санитарлық ережелерін сақтау жөніндегі шараларды орындау үшін халықты ұйымдастыру мен түсіндіру жұмыстарының жүргізуге;
Тармақша 3
3) үйлер мен ғимараттардың кіреберістерін, күнқағарларын, жертөлелерін, шатырларын қажетті өрттен қорғау мен санитарлық қалыпта күтуге;
Тармақша 4
4) тұрғындардың шу комфортын қамтамасыз ету үшін үй иелерінен сағат 7-ден аспай сағат 23-тен кешіктірілмей тұрмыстық қалдықтар шығарылуға тиіс.
Тармақ 23
23. Үйлер, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар аумағын жинайтын мамандандырылған кәсіпорындар бұл міндеттерін санитарлық нормалар мен ережелерге орай жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды деркезінде шығаруды (шартқа сәйкес) жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) әрбір арнаулы машинаға қозғалыс схемасымен маршрут кестесі жасалынады;
Тармақша 3
3) пайдалану кезінде болатын өзгерістерге сәйкес маршрут кестесінің түзетілуі;
Тармақша 4
4) бекітілген маршрут кестесінің міндетті орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) азаматтардың жеке меншігіне қарасты салынған үйлер маңын қатты тұрмыстық қалдықтардан жетісіне екі рет жоспарлы-жүйелі түрде үзбей тазалау жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Әрбір елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтардың әкетілу уақытын тиісті коммуналдық қызмет көрсету орнын белгілейді және де оған санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келісім жасалады.
Тарау 5. 5. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнату мен күту тәртібі
5. Елді мекендер аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнату мен күту тәртібі
Тармақ 25
25. Сыртқы көркейтудің барлық элементтері, оның ішінде, қасбеттерін өңдеу, аумақтық құрылысының тәртібін айқындайтындай ережелерге сәйкес жасалу керек.
Тармақ 26
26. Дуалдардың, шарбақтардың, дүңгіршіктердің, шатырлардың, павильондардың, шағын дүкендердің, жарнамалық стендтердің құрылысы мен орнатуына, маңдайшадағы түрлі көрнекілеу мен басқа да жайғастыруларды безендірулерге, парк орындықтарын орнатуға, тек белгіленген тәртіппен келісілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 27
27. Шағын сәулеттік нысандардың барлық орнатулары түзу тәртіпте ұсталуға тиіс, олар кемінде жылына бір рет сырлануы керек.
Тармақ 28
28. Көше жарығының, жарнама мен маңдайшадағы жазулардың, кіре берістің шырақтарын қараңғы түскеннен кейін жағу керек.
Тармақ 29
29. Үй-жай иелері кооперативтері, қызмет, өндірістік және басқа ғимарат пен имараттардың иелері үйлердің нөмірлік белгісін, көше көрсеткіштерін дұрыс күйінде күтуге міндетті.
Тарау 6. 6. Инженерлік құрылыстарды, байланыс жолдарын, құрылыс объектілері мен автокөліктерді күтудің тәртібі
6. Инженерлік құрылыстарды, байланыс жолдарын, құрылыс объектілері мен автокөліктерді күтудің тәртібі
Тармақ 30
30. Жер асты желілерінің иелері қарауындағы газ люктерінің, канализацияның, су құбырларының, жаңбыр суы құйылатын және басқа да құдықтар қақпақтарының жол жамылғысы деңгейінде болуын, олардың үнемі дұрыс күйінде тұрақты күтілуін қадағалауға міндетті.
Тармақ 31
31. Көшелер мен жолдардан, жер үсті мен жер асты суларын бұрып жіберуге арналған каналдар, құбырлар мен дренаждарды жинау мен тазалау, құйылу канализацияларының коллекторлары, су ағатын құдықтар қажетті көздеріне қарай тазаланып, оның қоқыстары сол бойда шығарылып отырылады. Қоймалардың, базарлардың, карьерлердің, құрылыс алаңдары мен басқа да объектілердің иелері:
Тармақша 1
1) көліктің бұрылуы үшін алаңдарды, кіре беріс жолдарын таза және жөндеп ұстауды. Көлік шығатын және іштей салынған жолдар қатты жамылғыда болуын;
Тармақша 2
2) көрсетілген объектілерден ластанған автокөлік пен құрылыс механизмдерінің көшеге шығуына жол бермеуді, көліктердің доңғалақтары мен шанағын жууды қамтамасыз етеді.
Тармақ 32
32. Құрылыс алаңдары белгіленген үлгідегі барлық периметр бойынша тығыз шарбақпен қоршалуы тиіс. Қоршауда көліктің ең аз шығып-кіруіне рұқсат етіледі және де олар жай көшелерге шығуы тиіс.
Тармақ 33
33. Көшелердегі, даңғылдардағы, кварталдың ішкі аумағындағы жөндеу-құрылыс өндірісі мен басқа да жер қазу жұмыстарын заңды және жеке тұлғалар уәкілетті орган келісімімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Тізімдері автожолдарды пайдалану жөніндегі мамандандырылған қалалық кәсіпорындармен белгіленіп және қала әкімімен бекітілген ауыр техникалар мен ірі жүкті көліктердің белгілі бір уақыт ішінде қалаға кіруі мен болуына Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіпте жол полициясымен келісіледі. Айрықшалық ретіндегілерге, коммуналдық қызмет пен ұйымдардың, кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъектілермен шарт жасауы бойынша қаланың үйлер аумағынан маманданған үнемі ҚТҚ жиыстыруы мен үлкен емес және басқа қоқыстарды шығаратын көліктері жатады.
Тармақ 35
35. Көлік құралдарының иелері, жеке автокөлікті жүргізушілер көлік құралдарын таза ұстауға міндетті. Ластанған көлік құралдарымен қалада жүруге рұқсат етілмейді. Жалпы пайдаланымдағы немесе жолдың өтетін бөлігін ластауға жол берген шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары немесе жеке тұлғалар ластарды жоюға (алып тастауға) немесе сол жерді пайдаланған ұйым келтірген шығын орнын толтыруға міндетті.
Тарау 7. 7. Осы Ережелер мен тыйым салынатын іс-әрекеттер
7. Осы Ережелер мен тыйым салынатын іс-әрекеттер
Тармақ 36
36. Төмендегі іс-әрекеттерге:
Тармақша 1
1) көшелерде, тротуарларда, көгалдарда, сондай-ақ үй қасбеттерінің қасында құрылыс материалдарын, ағаштарды көмірді, шөпті, сабанды және басқа да материалдарды жинап қоюға;
Тармақша 2
2) балконның (лоджия) сыртына қоқымдарды қағуға;
Тармақша 3
3) жолдың өтетін және жаяулар жүретін бөлігін, жағалаудың құрылыстан бос орны мен жас көшеттер отырғызылған аумақты, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы басқа жерлерді қоқыстың кез келген түрімен (темекі қалдықтары, шынылар, қағаздар) тұрмыс қалдықтарымен ластауға;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлер жанында және көлік жағалаудың санитарлық аймағында көлік құралдарын, кірлерді жууға, хайуандарды суға түсіруге;
Тармақша 5
5) тротуарлар мен жолдың өтетін бөлігінде газ люктерін, канализацияларын, су құбырын, жаңбыр суы ағатын және басқа да құдықтарды қоршамай ашық қалдыруға;
Тармақша 6
6) көшелерге, гүл бағына, бақшаларға, орман-парктерге, стадиондарға, мектеп қасындағы учаскелерге және басқа да жалпы пайдалануындағы орындарға мал, құс шығару мен бағуға;
Тармақша 7
7) осы мақсатқа бөлінбеген аумақтарға иттерді қыдыртуға, иттердің жимай дәретін қалдыруға;
Тармақша 8
8) қала көшелерімен шынжыр табанды көліктердің жүруіне;
Тармақша 9
9) көкөністерді және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу үшін көпшіліктің пайдалануындағы жас көшеттер аумағын пайдалануға;
Тармақша 10
10) жабылмаған әрі бұзылған шанақта және жабдықталмаған тіркемелері бар автомашиналарда сусымалы және сұйық жүкті тасымалдауға;
Тармақша 11
11) жол мен жер қазу жұмыстарының өндірісі кезінде жұмыс істеп тұрған құрылыстарды (жол жабу, жиектеме, қоршау, құдықтардың люгі, су ағызаты тор, науа мен кюветтер, қайта жіберетін құбырлар мен дренаждарды және басқа), жас көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ топырақпен жабуға, жылу берумен, сумен жабдықтау және канализацияның бұзылған жүйелерін жөндеуде, тікелей тротуарларға, көгалдарға және көшенің жүріп өтетін бөлігіне су кететіндей ретпен апат жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 12
12) кәсіпорын, ұйым аумағында, тұрғын үй кварталдарының көшелері мен көгалдарында, жеке учаскелерде қоқыс, жапырақ жағуға;
Тармақша 13
13) көше және аула аумақтарын, дүңгіршек, павильондар маңындағы аумақтарын, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін қоқырлану және ластануға;
Тармақша 14
14) «Прогресс» қоғамының, гараж кооперативтерінің, бақша қоғамдарының және аулалардың азаматтардың қоқыстармен, өлген жануарлардың өлімтегілерімен, қилармен ластауға;
Тармақша 15
15) хабарландыру, жарнама, құлақтандыру, хабарлама және тағы басқаларды өз бетімен жабыстыруға тыйым салынады.
Тарау 8. 8. Қалалық инфрақұрылым аумағын көгалдандыру мен санитарлық күту, объектілерді ұстау жөніндегі уәкілетті органдар мен қызмет орнының міндеттері
8. Қалалық инфрақұрылым аумағын көгалдандыру мен санитарлық күту, объектілерді ұстау жөніндегі уәкілетті органдар мен қызмет орнының міндеттері
Тармақ 37
37. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамалары негізіне сәйкес көшелерді, аулаларды және елді мекендер мен қаланың басқа аумағын, сондай-ақ жағажай мен қоғамдық пайдалану орындарын күтудің санитарлық ережелерін сақтауда, қадағалау жасауды ішкі істер органдары, экологиялық, өрттен қорғау, санитарлық және сәулет құрылысын қадағалаушылар жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Қалалық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары көркейту мен көгалдандыру тәртібін бұзушы адамдарды айқындау және оларға материалдар жинап белгіленген тәртіпте тиісті органдарға беруге міндетті.
Тармақ 39
39. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің мамандары төмендегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 1
1) елді мекендерде көркейту және санитарлық тазартуды ұйымдастыру бойынша жергілікті басқару органдары шешімдерінің жобасын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) қала мен селолық елді мекендерді санитарлық тазартудың схемасын, өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын жобалау мен орналастыру жөніндегі материалдарды қарау мен мақұлдауға;
Тармақша 3
3) елді мекендердің санитарлық жағдайына байланысты, тұрғындардың науқастығын білуге және талдауға;
Тармақша 4
4) эпидемиологиялық жағдайға байланысты аумақтардың жиналуы мен тазалығына тексеру рейдін жүргізу туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық органдар басшыларына ұсыныстар беруге;
Тармақша 5
5) жылына бір рет, ал қажетті жағдайда және одан да жиірек эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, қалдықтарды жою мен шығару, жинау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі арнайы тұрғын үй органдары мен кәсіпорындары үшін санитарлық минимум бойынша нұсқаулық беру және сабақтар өткізу.
Тарау 9. 9. Ережелерді бұзған үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
9. Ережелерді бұзған үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Тармақ 40
40. Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, осы Ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады.