Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16/04
- Қабылданған күні
- 04.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2024 194236_687902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KK01604A
- ЭКБ идентификаторы
- 194236
- Редакция идентификаторы
- 194236_687902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:52
0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабының 4 тармағына, 17 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Теміртау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қарағанды-Теміртау су құбырын пайдалану және одан әрі реконструкциялау үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, жалпы ауданы 3,5618 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Теміртау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуге, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын (келісім бойынша);
жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау қажет;
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Теміртау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
қаулысына
2024 жылғы 4 наурызда
№16/04 қосымша
«Теміртау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№
Жер учаскесінің меншік иесінің атауы
(жер пайдаланушының)
Кадастрлы нөмері
Қауымдық сервитут орнатудың жалпы аумағы, гектар
1
Карпеев Нурмуханбет Каримович
09-140-101-189
1,2415
2
Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы
09-140-103-072
0,8318
3
«Qaz Carbon» (Каз Карбон)» жауапкершірлігі шектеулі серіктестігі
09-140-103-251
0,1021
4
«Asia track engineering» жауапкершірлігі шектеулі серіктестігі
09-140-103-235
1,3864