О признании утратившим силу некоторых решений акима города Темиртау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых решений акима города Темиртау
- Атауы (қаз.)
- Теміртау қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 11.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2024 194271_688331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KC00003B
- ЭКБ идентификаторы
- 194271
- Редакция идентификаторы
- 194271_688331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:44
0 Теміртау қаласы әкімінің
кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 07 наурыздағы № 471 хаты негізінде, Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Теміртау қаласы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
- 2023 жылғы 28 шілдедегі № 4 «Жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы»;
- 2023 жылғы 21 қарашадағы № 5 «Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы».