Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 106 · қабылданған 11.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194301/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 106 ·11.03.2024
11.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 106 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106
Қабылданған күні
11.03.2024
Көрсетілген редакция
11.03.2024 194301_719495.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034145
ЭКБ идентификаторы
194301
Редакция идентификаторы
194301_719495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:44

0 Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін

әкетудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. Майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының бензин бактарында, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

5 5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

7 7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы