Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 229 · қабылданған 13.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194317/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 229 ·13.03.2024
13.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 229 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
229
Қабылданған күні
13.03.2024
Көрсетілген редакция
13.03.2024 194317_690806.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034148
ЭКБ идентификаторы
194317
Редакция идентификаторы
194317_690806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:38

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларында:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Басқа облыстың тұрғыны болып табылатын адамды соттаған жағдайда ҚАЖ комитетімен алдын ала келісіп оны тергеу изоляторы әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы тиісті мекемеге жібереді.
Бұл ретте, сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдардың тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі, егер ол тіркелген күннен бастап кемінде алты айды құраса ескеріледі.
Тергеу изоляторы соттың үкімі шыққанан кейін үш жұмыс күні ішінде сотталғаннан әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамдарды, олардың тұратын жерлерін көрсетумен еркін нысанда қолхат алады және ҚАЖ комитетіне жолдайды.»;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Басқа облыста тіркелген сотталған адамды оның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы (қаладағы) мекемеге жібергенде, оның жеке ісіне оны мекеме орналасқан облыстың тұрғынына жатқызу бөлігінде түзетулер енгізіледі.»;
2) «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15332 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидалары мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Сотталған адамды ауыстыру кезегіне қою және алып тастау
23. ҚАЖ комитеті мекемелерде бос орындар болмаған кезде өтінішті қарау қорытындылары бойынша ҚАК-тың 88-бабы 4-1-бөлігінің және осы Қағидалардың басқа талаптарына сәйкес болған жағдайда, сотталған адамды ауыстыру және оны кезекке қою туралы шешім қабылдайды.
24. Қабылдайтын мекеменің әкімшілігі сотталған адамды ауыстыруға ҚАЖ комитетінің нарядын алғаннан кейін кезектілікті сақтаумен оны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мекеменің ауыстырылатын сотталған адамдарының тізіміне (бұдан әрі - Тізім) қоюды жүзеге асырады.
Сотталған адамды Тізімге қою оның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
25. Бос орын пайда болған күні қабылдайтын мекеменің әкімшілігі Тізімде келесі болып тұрған сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі ҚАК-тың 88-бабы 4-1 бөлігінің талаптарына сәйкестігіне көз жеткізеді, сондай-ақ ҚАЖ комитетінің нарядында көрсетілген әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамның тіркелуін тексереді.
26. Қабылдайтын мекеменің әкімшілігі осы Қағидаларда айқындалған шараларды жүзеге асырғаннан кейін, сотталған адамды Тізімге сәйкес этаппен жөнелту үшін бұл туралы ол ұсталатын мекеменің әкімшілігіне және ҚАЖ комитетіне хабарлайды.
27. Сотталған адам Тізімнен мынадай жағдайларда:
қайтыс болғанда;
босатылғанда;
мекеменің түрін өзгерткенде;
әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында не ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 1), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша басқа мекемеге ауыстырғанда;
ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамның тіркелген жері бойынша нақты тұрмауы;
ауыстыруға кезек келген күні онда теріс мінез-құлық дәрежесінің болуы;
ауыстыруға кезек келген күні ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасы бойынша ауыстырылған сотталған адамда оң мінез-құлық дәрежесінің болмауы;
ол басқа мекемеге ауыстырудан жазбаша бас тартқанда алып тасталады.
Сотталған адамды Тізімнен алып тастау туралы шешімді сотталған адамды немесе оны ауыстыруға бастама жасаған туысын бір мезгілде хабардар етумен ҚАЖ комитеті қабылдайды.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
«___»_______ 2024 жыл

0 Мекеменің ауыстырылатын сотталған адамдарының тізімі № мекемесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 13 наурыздағы
№ 229 бұйрығына
қосымша
Сотталған адамның әлеуметтік
пайдалы байланыстарын қолдау
үшін ауыстыру қағидаларына
қосымша
Мекеменің ауыстырылатын сотталған адамдарының тізімі
№ мекемесі

Сот­тал­ған адам­ның ТАӘ (бар бол­са)
На­ряд кү­ні
На­ряд №
Жі­бе­ре­тін ме­ке­ме
Қа­был­дай­тын ме­ке­ме
На­ряд­ты орын­дау кү­ні мен бел­гі­сі
Өті­ніш ие­сі­нің
ТАӘ,
ЖСН
(бар бол­са)
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы