Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута коммандитному товариществу «Зенченко и Компания»

Қаулы · № 84 · қабылданған 05.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194487/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута коммандитному товариществу «Зенченко и Компания» Қолданыста Қаулы ·№ 84 ·05.03.2024
05.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута коммандитному товариществу «Зенченко и Компания»

Қолданыста Қаулы ·№ 84 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута коммандитному товариществу «Зенченко и Компания»
Атауы (қаз.)
«Зенченко и компания» коммандиттік серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
84
Қабылданған күні
05.03.2024
Көрсетілген редакция
05.03.2024 194487_696759.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24SH00084A
ЭКБ идентификаторы
194487
Редакция идентификаторы
194487_696759
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:48

0 «Зенченко и компания» коммандиттік серіктестігіне

қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 10) тармақшасына сәйкес, аудандық жер комиссиясының 2023 жылғы 07 желтоқсандағы №41 хаттамалық шешімінен үзіндісі және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» КММ басшысының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 08 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Зенченко и компания» коммандиттік серіктестігіне су құбыры желілерін күтіп-ұстау үшін, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округінде жалпы көлемі 16,4 гектар, соның ішінде: 15-220-059-082 кадастрлық нөмірінен – 7,5 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 3,6 гектар, табиғи шабындықтар 1,8 гектар, табиғи жайылымдар 2,1 гектар; 15-220-059-074 кадастрлық нөмірінен – 0,8 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 0,8 гектар; 15-220-059-078 кадастрлық нөмірінен – 0,2 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 0,2 гектар; 15-220-059-058 кадастрлық нөмірінен - 7,9 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 7,9 гектар, жер учаскесіне 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Көрсетілген жер көлеміне бөтен жер пайдаланушылардың жерлері кірмейді:
кадастрлық нөмірі 15-220-059-073 - 0,25 гектар;
кадастрлық нөмірі 15-220-066-018 – 0,05 гектар.
Жер учаскесі бөлінетін болып табылады, су қорғау аймағы – 1000 метр, су қорғау алқабы – 100 метр.

2 2. «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы