Об определении и утверждении мест и маршрутов размещения нестационарных торговых объектов на территории Бурлинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест и маршрутов размещения нестационарных торговых объектов на территории Бурлинского района
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 11.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2024 194493_688980.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24ZC734407
- ЭКБ идентификаторы
- 194493
- Редакция идентификаторы
- 194493_688980
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:43
0 Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындарын және
бағыттарын айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығының 50-1 тармағына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Осы қаулының 2 және 3 қосымшаларына сәйкес Ақсай қаласында автодүкендерді орналастыру орындары және бағыттарының схемасы айқындалсын және бекітілсін.
3
3. Бөрлі ауданы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2021 жылғы 1 қарашадағы № 345 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25053 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Имашевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 92 қаулысына 1-қосымша
Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасу орны
Алатын алаңы (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Қызмет саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Приурал ауылы, Достық көшесі, «Приурал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында
50
5
азық-түлік тауарлары
«Люната» және
«Арсен» дүкендері
2
Бөрлі ауылы, Достық көшесі, №35 жеке тұрғын үй мекен-жайы мен «Казпочта» филиалының ғимаратының арасында
50
5
азық-түлік тауарлары
«Бәйтерек» супермаркеті және
«ИП Аминова» дүкені
3
Ақсай қаласы, Халықтар Достығы көшесі, 6/9К, «Жібек жолы» сауда үйінің сол жағында
20
5
азық-түлік тауарлары
«Жібек жолы» сауда үйі
4
Ақсай қаласы,
7 шағын ауданы, 1Б, «Wildberries» кеңсесінің сол жағында
20
5
азық-түлік тауарлары
жоқ
5
Ақсай қаласы, Солтүстік көшесі,
спорт алаңына қарама қарсы
15
5
азық-түлік тауарлары
«Халық маркет» және «Ақбота» азық-түлік дүкендері
6
Ақсай қаласы,
4 шағын аудан, «Рахат» сауда павильонының алдында
15
5
азық-түлік тауарлары
«Витаминка» азық-түлік дүкені
7
Ақсай қаласы, Кызылтал ауылы, Ақсай көшесі, «Бәйтерек» супермаркетіне қарама- қарсы
20
5
азық-түлік тауарлары
«Бәйтерек» супермаркеті
8
Ақсай қаласы, Ихсанова көшесі, «АПИ» автомобильді жанар-жағармай бекетінің оң жағында
20
5
азық-түлік тауарлары
жоқ
9
Ақсай қаласы, Аралтал ауылы, Ақжол мен Мыржакып Дулатов көшелерінің қиылысында
20
5
азық-түлік тауарлары
жоқ
10
Ақсай қаласы, Халықтар Достығы көшесі, «Трнава» сауда үйінің сол жағында
15
5
азық-түлік тауарлары
«Ассорти» азық-түлік дүкені
7 Ақсай қаласында автодүкендерді орналастыру орындары
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 92 қаулысына 2-қосымша
Ақсай қаласында автодүкендерді орналастыру орындары
№ р/с
Орналасу орны
Сауда орында-рының алатын жалпы алаңы (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Қызмет саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
1 бағыт:
бірінші орын: 5А шағын аудан, «Фруктовый рай» дүкенінің оң жағында;
екінші орын: 10 шағын аудан, №29 үйдің артында;
үшінші орын: 4 шағын аудан, «Кең дала» дүкені алдында
5
5
азық-түлік тауарлары
«Фруктовый рай» азық-түлік дүкені
«Алаша» азық-түлік дүкені
«Витаминка» азық-түлік дүкені
2
2 бағыт:
бірінші орын: 10 шағын аудан, №29 үйдің артында;
екінші орын: 4 шағын аудан, «Кең дала» дүкені алдында;
үшінші орын: 5А шағын аудан, «Фруктовый рай» дүкені оң жағында
5
5
азық-түлік тауарлары
«Алаша» азық-түлік дүкені
«Витаминка» азық-түлік дүкені
«Фруктовый рай» азық-түлік дүкені
3
3 бағыт:
бірінші орын: 4 шағын аудан, «Кең дала» дүкені алдында;
екінші орын: 5А шағын аудан, «Фруктовый рай» дүкені оң жағында;
10 шағын аудан, №29 үйдің артында
5
5
азық-түлік тауарлары
«Витаминка» азық-түлік дүкені
«Фруктовый рай» азық-түлік дүкені
«Алаша» азық-түлік дүкені
8 Ақсай қаласындағы автодүкендер бағыттарының схемасы
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 92 қаулысына 3-қосымша
Ақсай қаласындағы автодүкендер бағыттарының схемасы
1 бағыт
2 бағыт
3 бағыт