Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района

Ереже · № 01-03/VIII-19-2/1 · қабылданған 11.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194498/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района Қолданыста Ереже ·№ 01-03/VIII-19-2/1 ·11.03.2024
11.03.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района

Қолданыста Ереже ·№ 01-03/VIII-19-2/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Зайсанского района
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
01-03/VIII-19-2/1
Қабылданған күні
11.03.2024
Көрсетілген редакция
11.03.2024 194498_690226.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24VK10319M
ЭКБ идентификаторы
194498
Редакция идентификаторы
194498_690226
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:44

0 Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімге қоса беріліп отырған «Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары» бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Зайсан аудандық мәслихатының
2024 жылғы 11наурыздағы
№01-03/VIII-19-2/1 шешімімен
бекітілген
Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Зайсан қаласы және ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Зайсан қаласының, ауылдық округтердің аумақтары учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көп пәтерлі үйлер болған кезде көп пәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе әлеуметтік желілерде немесе ақпараттық тақталарда хабарландыру жазу арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

8 8. Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде елу пайызынан астамы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

10 10. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Хаттамада:

1 1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілген күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

11 11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Зайсан аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

12 12. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

13 13. Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

14 14. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы хаттаманы тіркеу үшін тиісті қала, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

3 3 тарау. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

Рет
саны
Қала ,ауылдық округтер
Өткізілетін
бөлек жиындар саны
Әрбір бөлек жиын ұсынатын өкілдер саны
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)
1
Зайсан қаласы
78
3
234
2
Айнабулақ ауылдық округі
27
3
81
3
Сарытерек ауылдық округі
25
3
75
4
Қаратал ауылдық округі
40
3
120
5
Дайыр ауылдық округі
30
3
90
6
Біржан ауылдық округі
17
3
51
7
Кеңсай ауылдық округі
27
3
81
8
Қарабулақ ауылдық округі
25
3
75
9
Шілікті ауылдық округі
20
3
60

Қолданыстағы