Құжат мәтініне өту

Об установлении льготы отдельным категориям граждан города Жезказган для проезда на городском общественном транспорте (кроме такси)

Қаулы · № 11/01 · қабылданған 06.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194568/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении льготы отдельным категориям граждан города Жезказган для проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) Қолданыста Қаулы ·№ 11/01 ·06.03.2024
06.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении льготы отдельным категориям граждан города Жезказган для проезда на городском общественном транспорте (кроме такси)

Қолданыста Қаулы ·№ 11/01 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении льготы отдельным категориям граждан города Жезказган для проезда на городском общественном транспорте (кроме такси)
Атауы (қаз.)
Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдікті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11/01
Қабылданған күні
06.03.2024
Көрсетілген редакция
06.03.2024 194568_689148.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24HA011220
ЭКБ идентификаторы
194568
Редакция идентификаторы
194568_689148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:47

0 Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген

санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдікті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тегін жол жүру құқығын растайтын құжаты (электрондық жол жүру құжаты) болған кезде, қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түрінде жеңілдік Жезқазған қаласы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

2 2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

3 3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

4 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

5 5) жасы бойынша зейнеткерлерге;

6 6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

7

7) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;

8 8) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін аналарға;

9 9) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік жұмыскерлерге;

10 10) он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамдарға (балаларға);

11 11) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға.

2 2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.

3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 болып тіркелген);

2

2) «Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жезқазған қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 07/01 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2/19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6221 болып тіркелген).

4 4. «Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен қаулыдан және шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы