Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении изъятия из национального режима

Қаулы · № 207 · қабылданған 20.03.2024
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194642/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении изъятия из национального режима Мәртебесі расталмаған 21.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении изъятия из национального режима

Мәртебесі расталмаған Қаулы № 207 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении изъятия из национального режима
Атауы (қаз.)
Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
207
Қабылданған күні
20.03.2024
Көрсетілген редакция
21.05.2026 194642_819490.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000207
ЭКБ идентификаторы
194642
Редакция идентификаторы
194642_819490
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 3-тармағы 31), 32) және 33) тармақшаларының негізінде сатып алынатын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын, сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді және электрондық өнеркәсіп өнімін ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізбесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып ұсынуды қамтамасыз етсін;

2) ақпараттың жаңартылу шамасына қарай мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтар көрсетілген сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізбесін жіберіп тұрсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 20 мамырда қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.