Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Өзге акт · № 1 · қабылданған 28.03.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194867/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·28.03.2024
08.01.2025 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
Атауы (қаз.)
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
28.03.2024
Көрсетілген редакция
08.01.2025 194867_741517.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NI00001B
ЭКБ идентификаторы
194867
Редакция идентификаторы
194867_741517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:20

0 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Жангелдин ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Айдаралы Акылбекұлы Талпаков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3 3. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін оның Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы