Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан проживающим в Жамбылской области, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования

Өзге акт · № 13-4 · қабылданған 28.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-194982/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан проживающим в Жамбылской области, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования Қолданыста Өзге акт ·№ 13-4 ·28.03.2024
28.03.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан проживающим в Жамбылской области, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования

Қолданыста Өзге акт ·№ 13-4 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан проживающим в Жамбылской области, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования
Атауы (қаз.)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13-4
Қабылданған күні
28.03.2024
Қолданысқа енгізілген күні
13.04.2024
Көрсетілген редакция
28.03.2024 194982_693247.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24G0518108
ЭКБ идентификаторы
194982
Редакция идентификаторы
194982_693247
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:19

0

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсынылсын.
Жол жүру құжаттарының (екі жаққа да, кері қарай да) негізінде темір жол не жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша жол жүргені үшін медициналық көмек алған жағдайда науқас пен оны алып жүретін адамның (бір адамнан аспайтын) жол жүру құнын төлеу жүргізілсін.

2 2. Дәрігерлік – консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) анықтамасында сүйемелдеу бойынша ұсынымдар болған кезде науқасты алып жүретін бір адамға жол жүру құнының 100 пайызы мөлшерінде жергілікті бюджет қаражатынан тегін жол жүру (бару және қайту) ұсынылсын.

3

3. Медициналық айғақтар бойынша елді мекеннен тысқары жерлерге емделуге жіберілетін науқастар және экономикалық сыныптағы әуе көлігінде алып жүретін науқас (бір адамнан аспайтын) адамдар жол жүрсе, ДКК қорытындысы бойынша шектеу көрсеткіштері болған кезде төлем толық көлемде (екі жаққа да) жүргізілсін.

4

4. Әуе көлігінде ДКК қорытындысында рұқсат болмаған кезде медициналық айғақтар бойынша елді мекеннен тыс емделуге жіберілетін науқастардың және науқасты алып жүретін (бір адамнан аспайтын) адамдарының жол жүруі, теміржол көлігінің жедел поездінің купе вагоны билетінің орташа құнынан аспайтын мөлшерде төлем жүргізілсін (екі жаққа да).

5 5. Жол жүру құнын төлеу емдеу орнынан шығарылған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылған келесі құжаттар негізінде 45 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады:

1 1) емдеуге жолдама (көшірме);

2 2) ДКК қорытындысы (көшірме);

3 3) ауру тарихынан үзінді (көшірме);

4 4) пациенттің жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі (көшірме) және пациентті алып жүретін адамның жеке куәлігі (көшірме) (алып жүру жағдайларында);

5 5) жол жүру билеттері (түпнұсқа) (пойыз, автобус);

6 6) екінші деңгейдегі банктердегі банк шотының нөмірі туралы хабарлама (KZ+18 сан).

6

6. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 21-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30090 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы