О дифференцировании тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении города Жезказган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дифференцировании тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении города Жезказган
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласының жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13/08
- Қабылданған күні
- 19.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2024 194997_693064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24HA011620
- ЭКБ идентификаторы
- 194997
- Редакция идентификаторы
- 194997_693064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:31
0 Жезқазған қаласының жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жезқазған қаласының жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифі саралансын:
1 1) Интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жол ақы:
- №1 бағыты ««Самсунг» медициналық орталығы -Профилакторий -Сәтбаев алаңы» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №3 бағыты «Сапаржай - 9 орам - Сарыарқа көшесі» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №5 бағыты «Сапаржай - Металлургтер алаңы - Сарыарқа көшесі» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №6 бағыты «Сапаржай - 6 шағын аудан – Сарыарқа көшесі» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №8 бағыты «6 шағын аудан - Сарыарқа көшесі - Кенесары хан шағын ауданы» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №11 бағыты «Сапаржай - Сарыарқа көшесі - 92-93 орамдар» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №14 бағыты «Жезқазған – Әуежай» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
– №96 бағыты «Жезқазған - Аварийный кенті» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №97 бағыты «Жезқазған - Талап ауылы» - 100 (жүз) теңге мөлшерінде;
- №98 бағыты «Жезқазған - Кеңгір ауылы» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №99 бағыты «Жезқазған - Қабанбай батыр шағын ауданы» - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
– №108 бағыты «Жезқазған – Мыс зауыты саяжайлары» -100 (жүз) теңге мөлшерінде;
– №109 бағыты «Жезқазған- Спутник саяжайлары» - 100 (жүз) теңге мөлшерінде.
2 2) қолма-қол төлеу кезінде жол ақысы - 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде.
2 2. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі ақаулы болған жағдайда, Интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы төлеуді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жезқазған қалалық
мәслихаты