Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по присвоению категории спортивным сооружениям

Бұйрық · № 06-2-2/102 · қабылданған 27.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19508/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по присвоению категории спортивным сооружениям Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-2-2/102 ·27.03.2004
14.08.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по присвоению категории спортивным сооружениям

Күшін жойған Бұйрық ·№ 06-2-2/102 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по присвоению категории спортивным сооружениям
Атауы (қаз.)
Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06-2-2/102
Қабылданған күні
27.03.2004
Көрсетілген редакция
14.08.2009 AI19508_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002820_
ЭКБ идентификаторы
19508
Редакция идентификаторы
AI19508_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:17

0 Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Спорт ғимараттарын тиімді пайдалану және пайдалану кезінде оларды сыныптары мен санаттарына сәйкестендіру мақсатында, бұйырамын:

1 1. Қоса беріліп отырған "Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі нұсқаулық" нормативтік құжаты бекітілсін.

2 2. Спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану бөлімі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

5 Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі нұсқаулық

"Спорт ғимараттарына санаттар
беру жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Туризм және спорт
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2004 жылғы 27 наурыздағы
N 06-2-2/102 бұйрығымен
бекітілген
Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туралы Ережеге сәйкес әзірленді.

2

2. Осы нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 25 қарашадағы N 06-2-2/365 "Спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі нормативтік құжатты бекіту туралы" бұйрығына сәйкес "Спорт ғимараттарын сыныптау" көлеміне, қала құрылысы талаптарына, материалдық құндылықтардың шоғырлануына, жабдықтарға және тозу факторларына қарай спорт ғимараттарына санаттар беріледі.

3 3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) спорт ғимараттарына санаттар береді және ол спорт ғимаратының паспортында көрсетіледі.

4 4. Уәкілетті орган спорт ғимараттарына санаттар беру мәселесін алқалы қарау үшін консультативтік-кеңес органын - спорт ғимараттарына санаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

2 2. Комиссияны құру мен оның қызметі

5 5. Комиссия өз қызметінде дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

6 6. Комиссияның құрамына уәкілетті органның мамандары мен спорт ұйымдарының өкілдері кіреді. Уәкілетті орган бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен Комиссия құрамы бекітіледі.

7 7. Спорт ғимараттары ұсынған құжаттарды қарау қажеттілігіне қарай, құжаттарды берген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей Комиссия отырыстарында жүзеге асырылады.

8 8. Комиссия санат алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет шақырылады.

9 9. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелері жалпы санының 2/3-і болған кезде өткізіледі.

10 10. Комиссия ашық дауыс беру жолымен (жәй көпшілік дауыспен) санат беру немесе санат беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипатта ұсыныс енгізеді.

11 11. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді.

12 12. Комиссия хатшысы іс қағаздарын, құжаттар, анықтамалар (актілер), хаттамалар мен шешімдер дайындауды жүргізеді, Комиссия мүшелеріне отырыстың өтетін күні мен уақытын хабарлайды, қабылданған шешімдердің орындалуын жүзеге асырады.

3 3. Спорт ғимараттарына санаттар беру

13 13. Спорт ғимараттарының сыныптамасына сәйкес санаттар өткізілім қабілеттілігі нормалары есебінен қосымша үй-жайы бар ғимараттарға ғана беріледі.

14 14. Спорт ғимаратының басшысы санаттарды бекіту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырады:

1 1) спорт ғимараты паспортының көшірмесін;

2 2) спорт ғимаратын пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік комиссия актісінің көшірмесін;

3 3) спорт ғимаратының пайдалануға беріктігі, құрылыс құрылғыларының тұрақтылығы және қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін қамтамасыз етуге қатысты спорт ғимаратының техникалық тексеру актісінің көшірмесін;

4 4) сәулет-құрылыс сызбаларының көшірмесі (қасбеті, жоспарлары,

қиюлары қиюлары);

5 5) шұғылданушылардың сандық құрамының жоспарлы-есептік көрсеткіштері және спорт ғимаратының тәуліктік жұмыс тәртібін.

15 15. Комиссия мынадай негізгі белгілерді есепке ала отырып, спорт ғимараттарына санаттар беру туралы ұсыным енгізеді:

1 1) құрылыс көлемі мен алаңы;

2 2) объектінің техникалық жай-күйі, физикалық және моральдық тозу дәрежесі,

сондай-ақ мына өлшемдерді:

1 1) өткізілім қабілеттілігі нормалары есебінен қосымша үй-жайлардың құрамы;

2 2) спорт мүкәммалдары мен жабдықтарының болуы;

3 3) сапасы жоғары құрылғылар мен материалдарды (залдардың едені, жазық ғимараттардың жабылуы және т.б.) пайдалану;

4 4) мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қол жетімділік;

5 5) объектінің техника қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-тазалық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі.

16 16. Комиссия мынадай жағдайларда, егер:

1 1) осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса;

2 2) ұсынылған құжаттарда күмәнді немесе бұрамаланған деректер анықталса;

3 3) спорт ғимаратының сыныптамасына, белгілеріне, өлшемдері мен талаптарына спорт ғимараты сай болмаса санаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Қолданыстағы