О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Қонаев
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Қонаев
- Атауы (қаз.)
- Қонаев қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 291
- Қабылданған күні
- 01.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2024 I195167_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24DB610405
- ЭКБ идентификаторы
- 195167
- Редакция идентификаторы
- I195167_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:13
0 Қонаев қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қонаев қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 291 қаулысына қосымша
Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1 1.«Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-2-83 болып тіркелген);
2 2.«Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-2-86 болып тіркелген);
3 3.«Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 469 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 427 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-2-106 болып тіркелген);
4 4.«Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 647 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-2-126 болып тіркелген);
5
5.«Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 648 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-2-127 болып тіркелген);
6
6.«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы № 648 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 672 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2077 болып тіркелген);