Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1806
- Қабылданған күні
- 03.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2024 195275_692329.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24CA856004
- ЭКБ идентификаторы
- 195275
- Редакция идентификаторы
- 195275_692329
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:12
0 Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
3 3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4 4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға;
5 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
6 6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
7 7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалар;
8 8) жасына байланысты зейнеткерлерге.
2 2. Мыналардың:
1
1) Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 және Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 «Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» қаулысы мен шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24355 болып тіркелген);
2
2) Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 760 және Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 23 «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 4595 және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 78 «Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы мен шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8347 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.