Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством работ (услуг), осуществляемым субъектом государственной монополии в области связи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством работ (услуг), осуществляемым субъектом государственной монополии в области связи
- Атауы (қаз.)
- Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200/НҚ
- Қабылданған күні
- 04.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2024 195289_698140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24IPM00200
- ЭКБ идентификаторы
- 195289
- Редакция идентификаторы
- 195289_698140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:11
0 Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
____________ аты-жөні
2024 жылғы «___» _________
0 Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2024 жылғы «___» _______
№ ______ бұйрығына
қосымша
Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі