Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Өзге акт · № 4 · қабылданған 06.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195329/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Қолданыста Өзге акт ·№ 4 ·06.04.2024
06.04.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Қолданыста Өзге акт ·№ 4 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера
Атауы (қаз.)
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
06.04.2024
Көрсетілген редакция
06.04.2024 195329_694085.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NN00004B
ЭКБ идентификаторы
195329
Редакция идентификаторы
195329_694085
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:09

0 Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, «Төтенше жағдайлар жіктемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Қостанай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Муханов Багдат Балгабайулы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс - шараларды жүргізу тапсырылсын.

3 3. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы