Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством услуг по обеспечению безопасности хранения государственных электронных информационных ресурсов, размещенных на информационно-коммуникационной инфраструктуре «электронного правительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством услуг по обеспечению безопасности хранения государственных электронных информационных ресурсов, размещенных на информационно-коммуникационной инфраструктуре «электронного правительства»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 121/НҚ
- Қабылданған күні
- 06.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2024 195355_700627.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24IPM00121
- ЭКБ идентификаторы
- 195355
- Редакция идентификаторы
- 195355_700627
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:48
0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық
ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет
түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпаратық қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
2
2) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
бұйрығына қосымша/
бұйрығымен бекітілген/
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 7-2-бабына сәйкес Ақпараттық қауіпсіздік операциясы орталығының қызметін жүзеге асыру, Заңның осы бабының 1 тармағының 3) тармақшасын қоспағанда.