Құжат мәтініне өту

Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Каражал и поселку Жайрем

Өзге акт · № 150 · қабылданған 28.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195411/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Каражал и поселку Жайрем Қолданыста Өзге акт ·№ 150 ·28.03.2024
28.03.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Каражал и поселку Жайрем

Қолданыста Өзге акт ·№ 150 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Каражал и поселку Жайрем
Атауы (қаз.)
Қаражал қаласы және Жәйрем кенті бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
150
Қабылданған күні
28.03.2024
Көрсетілген редакция
28.03.2024 195411_693227.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24HC00150M
ЭКБ идентификаторы
195411
Редакция идентификаторы
195411_693227
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:20

0 Қаражал қаласы және Жәйрем кенті бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қаражал қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Жәйрем кенті бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және сұрыптауға арналған тарифтер осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Қаражал қалалық мәслихатының «Қаражал қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №102 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №191986 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қаражал қаласы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Қаражал қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 150 шешіміне
1-қосымша
Қаражал қаласы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге
(Қосылған құн салығымен)
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын,
айына
380,00
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне), жылдық тариф
1 м3
2425,55

2 Жәйрем кенті бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және сұрыптауға арналған тарифтер

Қаражал қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 150 шешіміне
2-қосымша
Жәйрем кенті бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және сұрыптауға арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге
(Қосылған құн салығымен)
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын,
айына
212,46
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне), жылдық тариф
1 м3
2258,01

Қолданыстағы