Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 534 · қабылданған 04.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195433/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 534 ·04.04.2024
04.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 534 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
534
Қабылданған күні
04.04.2024
Көрсетілген редакция
04.04.2024 195433_695294.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA00534A
ЭКБ идентификаторы
195433
Редакция идентификаторы
195433_695294
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:11

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 102, № 103, № 108 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2024 жылғы 4 сәуірдегі
№ 533 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1

1) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, Дөненбаева көшесі, (Досжанов көшесі, Достық көшесі), Темірбаев көшесіне дейін Дзержинский көшесінің шекарасында Тәуелсіздік көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 1,4551 гектар, Қостанай қаласында Тәуелсіздік көшесінің, Дөненбаева көшесінің (Досжанов көшесінің, Достық көшесінің), Темірбаев көшесіне дейін Дзержинский көшесінің шекарасында Тәуелсіздік көшесінің шекарасында өтпежол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін;

2 2) Қостанай қаласы, Абай даңғылынан Баймағамбетов көшесіне дейін шекараларда Фролов көшесі бойынша мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 1,2866 гектар, Қостанай қаласында Абай даңғылынан Баймағамбетов көшесіне дейін шекараларда Фролов көшесін қайта жаңарту үшін;

3

3) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, Дөненбаева көшесі, (Досжанов көшесі, Достық көшесі), Перонная көшесіне дейін Майлин көшесінің шекарасында Досжанов көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,9996 гектар, Тәуелсіздік көшесінің, Дөненбаева көшесінің, (Досжанов көшесінің, Достық көшесінің), Перонная көшесіне дейін Майлин көшесінің шекарасында Досжанов көшесінің шекараларында өтпежол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін.

Қолданыстағы