Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аягоз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аягоз
- Атауы (қаз.)
- Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 08.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2024 195458_724218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24FE00113A
- ЭКБ идентификаторы
- 195458
- Редакция идентификаторы
- 195458_724218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:09
0 Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1) Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін.
2
2) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің «Аягөз қаласының аумағында қалалық қатынастар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгілеу туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №732 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3678 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
1 1. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау көлік карталары арқылы және интернет желісі арқылы ұялы байланыс құрылғыларымен қоса алғанда қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:
Ересектерге- 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 40 (қырық) теңге мөлшерінде;
2 2. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
Ересектерге- 160 (жүз алпыс) теңге мөлшерінде;
Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
3 3. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
4 4. "Абай облысы Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Абай облысы Әділет департаменті органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Аягөз қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) ресми түрде жарияланғанынан кейін осы қаулының Аягөз қаласы әкімдігінін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Татеновке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз ауданының мәслихат төрағасы
______________А. Ибрайшин
2024 жылғы "08" сәуір